Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар 2016-шы жылы Ақтөбе облысында 560 мыңнан астам гектар жер егіске пайдаланылады

2016-шы жылы Ақтөбе облысында 560 мыңнан астам гектар жер егіске пайдаланылады

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен Мәртөк ауданына барды. «Ақтөбе ақпарат» орталығы хабарлағандай, аймақ басшысы бірінші кезекте көктемні егіс жұмыстарының барысымен танысты.

Биыл Ақтөбе облысында 561,2 мың гектар жерге егін егілмек. Өткен жылмен салыстырғанды биыл бұл көрсеткіш 48,4 мың гектар алқапқа артық. Бидай 336 мың гектардан артық жерге, мал азығы 176,1 мың гектарға, майлы дақылдар 38,6 мың гектарға, картоп 5,75 гектарға, көкөніс пен бақша дақылдары 4,7 мың гектарға егілмек.

Егін егу компаниялары қазіргі уақытта облыстың барлық аудандары мен Ақтөбе қаласында белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметі бойынша, аймақтың барлық шаруашылықтары негізгі қажетті техникамен және жанармаймен қамтамасыз етілген. Ақтөбе облысына биыл арзандатылған бағада 6,5 мың тонна жанар-жағармай бөлінген болатын.

Мәртөк ауданының шаруалары егіс науқанын 5-ші маусымға дейін толық аяқтауды жоспарлап отыр. Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаевпен кездескен кезінде «Родник» ЖШС-ң аумағында орналасқан ірі шаруа қожалыңының өкілдері айтты.

Источник: https://strategy2050.kz/news/35559/

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus