Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар АЗЫҚ-ТҮЛІК КЕЛІСІМ ШАРТ КОРПОРАЦИЯСЫ КӨКТЕМГІ ЕГІС ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ ҮШІН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТАУАРЛАРЫН ӨНДІРУШІЛЕРДІҢ ӨТІНІМДЕРІН ҚАРЖЫЛАНДЫРУҒА 5 МЛРД. ТЕҢГЕГЕДЕН АСТАМ ҚАРАЖАТ ЖІБЕРДІ

АЗЫҚ-ТҮЛІК КЕЛІСІМ ШАРТ КОРПОРАЦИЯСЫ КӨКТЕМГІ ЕГІС ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ ҮШІН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТАУАРЛАРЫН ӨНДІРУШІЛЕРДІҢ ӨТІНІМДЕРІН ҚАРЖЫЛАНДЫРУҒА 5 МЛРД. ТЕҢГЕГЕДЕН АСТАМ ҚАРАЖАТ ЖІБЕРДІ

Азық-түлік келісім шарт корпорациясы бюджеттік несие қаражаты есебінен 023 «Агроөнеркәсіп кешені субъектілерін қолдау жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ –ын несиелеу» бюджеттік бағдарламасын іске асыруды жалғастыруда.

Аталған бағдарлама бойынша үстіміздегі жылғы сәуірдің соңында Азық-түлік келісім шарт корпорациясына ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерден (АШТӨ) жалпы сомасы 9,4 млрд. теңгеге 1460 өтінім келіп түсті. Олардың ішінде шамамен 9 млрд. теңге сомаға 1379 өтінім мақұлданып, 5 млрд. 185 млн. теңгеге 904 өтінім қаржыландырылды.

Өтінімдерді қарау жалғасуда.

Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның 2013 жылғы 15 ақпандағы шешіміне сәйкес Азық-түлік келісім шарт корпорациясы 1 га егіс алаңына 6 000 теңге есебінен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар (ӘКК) кепілдемесімен көктемгі-жазғы қаржыландыру арқылы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерден (АШТӨ) бидай мен арпаны форвардтық жолмен сатып алуды жүзеге асырып жатырғанын естеріңізге саламыз. Қаржыландырудың жалпы сомасы 13 млрд. теңгені құрайды.

АШТӨ-дің міндеттемелерін орындауы тиісті астық көлемін жеткізу және/немесе ақшалай қаражатты қайтару арқылы жүзеге асырылатын болады.

Қаржы бөлінетін АШТӨ-дің тізімін облыстық әкімдіктердің жанындағы Үйлестіру кеңестері жасайтынын атап айту керек.

Көрсетілген тізімге енгізілген АШТӨ-ден аталған бағдарламаға қатысуға өтінімдер Азық-түлік келісім шарт корпорациясының облыстық (өңірлік) өкілдіктерінде қабылданады.

Сонымен бірге, АШТӨ қолдау бағдарламасының шеңберінде Азық-түлік келісім шарт корпорациясы Қостанай облысының шаруаларына 9000 тонна бидайдың тұқымын берді. Тұқым 2013 жылғы 1 желтоқсанда қайтару мерзімімен екінші деңгейдегі банктердің кепілдемесі бойынша тұқым түріндегі несиемен берілді.

Анықтама:
«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ негізгі қызметі мемлекеттік астық ресурстары мен одан қайта өңделген өнімдерді сатып алуды, қалыптастыруды, есепке алуды, сақтауды, жаңартуды, орнын ауыстыруды, сатуды ұйымдастыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстанның Үкіметімен белгіленген басқа да қызметтер болып табылады. Компанияның жалғыз акционері «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ болып табылады.

«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ
+ 7 (7172) 59 12 69
http://fcc.kz/ru/article/1663

ПРЕСС-СЛУЖБА МСХ РК

Тел.: +7(7172) 555-765

e-mail: info_mcx@mail.ru

www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus