Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Судың жоғары мәртебесі

Судың жоғары мәртебесі

IMG_1736

Астанада Шекарааралық су арналары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану туралы конвенциясының Тараптары Кеңесінің сегізінші сессиясына алғаш рет 600-ден астам сарапшы, БҰҰ мүше 90-ға жуық елінің министрлері, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар, халықаралық ғылыми топтар жиналады.
2018 жылдың 5 қазанындағы Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауындағы тапсырмасына сәйкес, еңбек өнімділігі мен өңделген ауылшаруашылық өнімі 2022 жылға дейін 2,5 есеге дейін арттыру, ал оны іске асырудың міндеттерінің бірі суармалы егіншілікті одан әрі дамыту болып табылады. Елдің оңтүстік аймақтарында суармалы егіншілік көршілес мемлекеттермен шекарааралық өзендер туралы шарттар шеңберінде тығыз ынтымақтастықта дамуда және Қазақстан Республикасы үшін өте маңызды.

Қатысушылардың көп саны мен өкілдердің жоғары деңгейі, су ресурстарына өсіп келе жатқан жүктеме жағдайында Қазақстанның шекарааралық су ынтымақтастығын нығайтуға аса назар аударатынын білдіреді.
Талқылау барысында климаттың өзгеруіне бейімделу, су ресурстары, азық-түлік, энергия және экожүйелер арасындағы байланыс жүйесі, трансшекаралық су ынтымақтастығының тиімділігі, өнеркәсіптік қауіпсіздік және есептілік мәселелері қаралады. Сондай-ақ, шекарааралық бассейндік басқарудың тиімділігі мен тұрақтылығын арттырудың негізгі аспектісі – қаржыландыру сияқты мүлде жаңа сын-қатерлер айтылады.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Ө. Шөкеев өз сөзінде мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаев шекарааралық ынтымақтастық мәселелеріне, оның ішінде өңірдің барлық халықтарының ортақ игілігі мен байлығы болып табылатын шекарааралық су ресурстарына ерекше көңіл бөлетінің айтты. Қазақстан халықаралық құқық нормаларына негізделген өркениетті мемлекетаралық су қатынастарын қалыптастыруын ұстанады.
Тараптар Кеңесінде бірқатар шешімдер мен құжаттар, оның ішінде Конвенцияның болашақ жұмысын айқындайтын екі негізгі құжат – “Конвенцияны жаһандық деңгейде жүзеге асыру стратегиясы” және “2019-2021 жылдарға арналған Конвенция жұмысының бағдарламасы” қабылданады.
Шекарааралық су ағындары туралы Конвенция – бұл шекарааралық суларды қорғау және ұтымды пайдалану жөніндегі ынтымақтастықтың құқықтық базасын құрайтын халықаралық құжат және оны қақтығыстардың алдын алуға және дауларды шешуге жәрдемдесетін құрал ретінде қарастыруға болады.

Конвенцияның жаһандық мәртебесі, Конвенцияның мүше елдеріне және халықаралық қоғамдастық үшін су саласындағы ынтымақтастықтың нормативтік – құқықтық базасын жетілдіруге және әзірлеуге жаңа мүмкіндіктер туғызады.
Тараптар Кеңесінің сегізінші сессиясында 2019-2021жж аралығындағы кезеңге Конвенция бюросында төрағалық ету Қазақстан тарапына өтетін болады. Бұл Қазақстанның халықаралық құқықты ұстанатын ел ретінде беделін одан әрі нығайтуға ықпал ететін болады, ынтымақтастықты жаһандық деңгейде дамыту мүмкіндігін кеңейтеді, шекарааралық өзендердің су ресурстарын қорғау және пайдалану саласындағы жобаларды дайындауға және іске асыруға инвестицияларды тартуға жәрдемдесетін болады, сондай-ақ су секторында елдің ғылыми және институционалдық әлеуетін күшейтуге жәрдемдесетін болады.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Powered by WordPress | Designed by Tielabs
© Copyright 2012, All Rights Reserved