Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Қолдау және қызметтер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бекітілген стандарттары АӨК субсидиялау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына арналған шығындардың құнын субсидиялау

Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына арналған шығындардың құнын субсидиялау

Көрсетілетін қызметті  алушылар

     Жеке және заңды тұлғалар

Өтініштер қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдардың атаулары және (немесе) «электрондық үкіметтің» веб-порталын көрсету

     Мемлекеттік қызметті Оңтүстік Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органы, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі

Көрсетілетін қызметтің құны

Ақысыз

Қызметті көрсету мерзімі

14 (он төрт) жұмыс күні

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасы бойынша көрсетілген қызметтер үшін субсидиялар алуға арналған өтінім;
      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасы бойынша көрсетілген қызметтердің жиынтық тізілімі;
      3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілген шитті мақтаның сапасы туралы куәліктер немесе мақта талшығы сапасының паспорттары бойынша жиынтық акт

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі

        1) шитті мақта сапасының сараптамасы бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушілердің;
      2) мақта талшығы сапасының сараптамасы бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушілердің шығындары құнын толықтай өтеуге арналған, көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі субсидияларды кейіннен аудару үшін төлем құжаттарын қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне ұсыну

«Электрондық үкіметті» порталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу

http://egov.kz/

Актіні ресми түрде жариялау туралы ақпарат

«Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі
http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500011411#z7

Қызмет стандарты

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

 

1. Көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдаған жағдайда шағым:
      1) Оңтүстік Қазақстан облысы, индексі 160000, Шымкент қ., Тоқаев к., 17-үй мекенжайы, 8 (7252) 53-91-86 телефоны, 54-00-60 факсы бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына;
      2) www.ontustik.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан көрсетілетін қызметті беруші басшысының блогына беріледі.

Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларда электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.

Шағымды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне тапсырған кезде шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға күні және уақыты, шағымды қабылдаған лауазымды адамның тегі және аты-жөні көрсетілген талон беру шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

2. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

 

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus