Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау

Кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау

«Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау» мемлекеттік қызмет Регламенті

                                                    1. Жалпы  ережелер

 

1. «Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау» мемлекеттік қызмет Регламенті (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік іс жүргізу туралы» Заңының 9-1 бабы 4 тармағына сай әзірленген.

2. «Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау» мемлекеттік қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) – ауыл шаруашылығын қолдауға қаржы институтымен берілетін, кредиттер бойынша сыйақы ставкаларын өтеу бойынша қызмет.

3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министрлігімен  ұсынылады (бұдан әрі – Министрлік).

4. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрі: автоматтандырылмаған.

5. Мемлекеттік қызмет мынадай негізде көрсетіледі:

1) «2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңының;

2) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы
9 шілдедегі Заңының 9-бабы 2-тармақшасының және 11-бабының;

3) «Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1108 қаулысымен бекітілген «Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау» мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) негізінде көрсетіледі.

6. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі субсидиялар не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

 

7. Мемлекеттік қызмет Министрлікпен мына мекенжай бойынша көрсетіледі: 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36, 1402 кабинет, телефон: 8 (7172) 55-57-79, электронды пошта: wool@minagri.kz, жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін,түскі үзіліспен 13.00-ден 14.30-ге дейін ұсынылады, демалыс күндерінен басқа: сенбі, жексенбі және мереке күндері. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетілусіз, кезекке тұру тәртібімен жүзеге асырылады.

8. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету барысы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің – www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында «Қолдау және көрсетілетін қызметтер» бөлімінен, сонымен қатар мекен-жайлары мен байланыс мәліметтері осы Регламенттің 7-тармағында көрсетілген Министрліктен алуға болады.

9. Мемлекеттік қызмет стандарттың 7-тармағында көрсетілген мерзімде ұсынылады.

10. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызмет алушы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

11. Мемлекеттік қызметті көрсетуден стандарттың 16-тармағында көрсетілген негіздемелер бойынша бас тартады.

12. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін  мемлекеттік қызмет алушымен қаржы институтының құжаттарын қабылдау, осы жылғы субсидиялау бағдарламасына  және институттарды анықтауға қатысу үшін құжаттарды беру мерзімі шеңберінде Министрліктің жұмыс кестесінің негізінде жұмыс күндері  Комиссияның хатшысымен жүзеге асырылады.

 

3.Мемлекеттік қызмет ұсыну үдерісіндегі әрекет (бірлесіп әрекет қылу) тәртібінің сипаттамасы

 

13. Мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:

1) Министрлік департаментінің жетекші маманы осы жылда көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсындағы «жаңалықтар» бөлімінде, осы жылғы субсидиялау бағдарламасында және анықтауға қатысу үшін қаржы институттарының құжаттары мен өтінімдерін ұсынудың соңғы мерзімдерін, сондай-ақ конверттерді ашу күнін  көрсете отырып хабарландыруды орналастырады;

2) Министрліктің жауапты хатшысының бұйрығымен Комиссия құрылады, Комиссия құрамында Комиссия төрағасы, төрағаның орынбасары, Комиссияның мүшелері мен хатшысы;

3) осы жылғы субсидиялау бағдарламасына және қаржы институттарын анықтауға қатысу үшін құжаттарды беру мерзім шеңберінде, Комиссия хатшысы қаржы институттарының құжаттарын тіркеуді және қабылдауды жү зеге асырады;

4) Комиссия қаржы институттарының құжаттары салынған конвертті ашуды өткізеді, ашу хаттамасына қол қояды;

5) Субсидиялау туралы отырыс өткізу немесе қарыз алушы (несие келісімі) субсидиялаудан бас тартады және оларға субсидия соммасын бөлу, отырыстың хаттамасын құрады және қол қояды;

6) Комиссия хатшысы бағдарламаны таратуға қатысқан, қаржы институтын Комиссия отырысының нәтижесі туралы жазбаша түрде ескертеді;

7) Министрлік департаментінің  жетекші маманы қаржы институты мен Министрлік арасында субсидиалауға шарт жасауды  және қаржы институтының есеп шотына субсидиалауды аударуды қамтамасыз етеді;

8) мемлекеттік қызмет алушының есеп шотына қаржы институтымен субсидиа аудару.

14. Субсидиалау бағдарламасына қатысу үшін өтініштерді тіркеу үшін арнайы журналда және қатысу үшін анықтауды қаржы институттарының құжаттарын тіркеу үшін арнайы журналда қаржы институтының өтініштері мен құжаттарын Комиссия хатшысы тіркейді, журнал нөмірленген, жіп өткізіліп тігінделген және Министрліктің мөрімен бекітілген болу керек.

Комиссия хатшысы өтініштерге және тіркелген құжаттарға нөмір және күнін қояды, сондай-ақ өтініштің көшірмесіне немесе  екінші данасына  немесе мемлекеттік қызмет алушының ілеспе хатына мемлекеттік қызмет алудың  күнін қояды.

15. Мемлекеттік қызмет  ұсыну үрдісіне келесі функционалды-құрылым бірлігі (бұдан әрі – ФҚБ) қатыстырылады:

1) Министрлік департаментінің жетекші маманы;

2) министрліктің жауапты хатшысы;

3) Комиссия;

4) Комиссия хатшысы:

5) қаржы институттары.

16. Мәтіннің кесте түріндегі жазылуының жалғасы және әрбір ФҚБ-нің әкімшілік әрекетпен (процедура) бірлесіп әрекет қылуы әрбір әкімшілік әрекеттің (процедура)  орындалу мерзімі осы Регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.

17. Мемлекеттік қызмет ұсыну үдерісінде әкімшілік іс-әрекеттің өзара қисынды байланысу жүйелігін көрсететін сызба және ФҚБ осы Регламенттің   2-қосымшасында берілген.
 

 

«Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау»

мемлекеттік қызмет регламентіне

1-қосымша

Кесте 1. ФҚБ-нің іс-әрекетіне сипаттама

 

Негізгі үдеріс (жұмыс ағымы, барысы)
1 Іс-әрекеттің № (жұмыс ағымы, барысы)

1

2

3

4

5

6

7

8

2 ФҚБ атауы Министрлік Департаментінің  жетекші маманы Министрліктің жауапты хатшысы Комиссия хатшысы Комиссия Комиссия Комиссия хатшысы Министрлік Департаментінің  жетекші маманы Қаржы институты
3 Іс-әрекеттің атауы (үдерістің,
іс-жосықтың, операциялардың)және олардың сипаттамасы
 Осы жылда көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы хабарландыруды орналастыру/ Комиссияның құрылуын қамтамасыз ету. Комиссияны  және оның
құрамын құру туралы бұйрыққа қол қою.
Қаржы институттарының өтінімдері мен құжаттарын тіркеу және қабылдау. Қаржы институты өтінімдері және құжаттар салынған конвертті ашуды өткізу, анықтау өткізілген қаржы институттарын құру тізімі,  өтінімдерді ашу хаттамасына қол қою.  Субсидиялау туралы отырыс өткізу немесе мемлекеттік қызмет алушы (несие келісімі) субсидиялаудан бас тартады және оларға субсидия соммасын бөлу, отырыстың хаттамасын құрады және қол қояды. Бағдарламаны таратуға қатысқан, қаржы институтын Комиссия отырысының нәтижесі туралы жазбаша түрде ескертеді. Қаржы институты мен Министрлік арасында субсидиалауға шарт жасауды  және қаржы институтының есеп шотына субсидиалауды аударуды қамтамасыз етеді.

 

Мемлекеттік қызмет алушының есеп шотына қаржы институтымен субсидиа аудару.
4 Аяқталу нысаны (мәліметтер,құжат, ұйымдастыру тарату-шешімі) Комиссия құру және оның құрамы туралы бұйрықтың жобасына / Министрліктің интернет-ресурстарында  хабарландыру беру.  Бұйрық. Арнайы журналдарда тіркелу.  Анықтау өткізілген, қаржы институттарының  тізімі, өтінімдерді ашу хаттамасы. Отырыс хаттамасы. Жазбаша түрде ескерту. Субсидиамен, субсидиалауға келісім. Субсидиа.
5 Орындалу мерзімі Құжаттар және өтінімдерді ұсыну  бір ай ішіндегі соңғы мерзім/ 5 жұмыс күні.  1 жұмыс күні. 30 минуттан аспай. Конверттерді ашуды өткізу-хабарландыруда көрсетілген күні;қаржы институттарын құру тізімі, анықтама өткізілген-анықтама өткізілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде; өтінімдерді ашу хаттамасына қол қою- өтінімдер салынған конверттерді ашқан күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде. Отырыс өткізу- ашу хаттамасына қол қойылған соң бес жұмыс күні ішінде; Комиссия отырысының хаттамасына қол қою және құру-Комиссия отырысынан кейін он жұмыс күні ішінде. Комиссия отырысының хаттамасына қол қойылған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде. Субсидиалауға келісім жасау-мемлекеттік қызмет алушыларға қаржы интитутымен кредит беру 10 жұмыс күні ішінде; қаржы институттарының есеп шотына субсидиа Министрлікпен  аударылады-Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасында қарастырылған мерзімде. Осы жылға қаржы институтына сыйақы ставкаларын мемлекеттік қызмет алушымен төленгеннен кейін.
6 Келесі іс-әрекеттің нөмірі

2

3

4

5

6

 

Кесте 2. Пайдалану нұсқасы. Негізгі үдеріс.

 

Негізгі үдеріс (жұмыс ағымы, барысы)
Министрлік Департаментінің жетекші маманы Министрліктің жауапты хатшысы Комиссия хатшысы Комиссия Қаржы институты
№ 1 іс-әрекет

Осы жылда көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы хабарландыруды орналастыру/ Комиссияның құрылуын қамтамасыз ету (ұсынылған  құжаттар мен өтінімді соңғы мерзімге дейін бір ай бұрын/ 5 жұмыс күні).

№ 2 іс-әрекет

Комиссияны және оның құрамын құру туралы бұйрыққа қол қою (1 жұмыс күні).

 

№ 3 іс-әрекет

Қаржы институттарының өтінімін және  құжаттарын тіркеу және қабылдау (30 минуттан аспай).

№ 4 іс-әрекет

Қаржы институты өтінімдері және құжаттар салынған конвертті ашуды өткізу, анықтау өткізілген қаржы институттарын құру тізімі,  өтінімдерді ашу хаттамасына қол қою (конверттерді ашуды өткізу-хабарландыруда көрсетілген күні;қаржы институттарын құру тізімі, анықтама өткізілген-анықтама өткізілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде; өтінімдерді ашу хаттамасына қол қою- өтінімдер салынған конверттерді ашқан күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде).

Мемлекеттік қызмет алушының есеп шотына қаржы институтымен субсидиа аудару (осы жылға қаржы институтына сыйақы ставкаларын мемлекеттік қызмет алушымен төленгеннен кейін.)
№ 7 іс-әрекет

Қаржы институты мен Министрлік арасында субсидиалауға шарт жасауды  және қаржы институтының есеп шотына субсидиалауды аударуды қамтамасыз етеді (Субсидиалауға келісім жасау-мемлекеттік қызмет алушыларға қаржы интитутымен кредит беру 10 жұмыс күні ішінде; қаржы институттарының есеп шотына субсидиа Министрлікпен  аударылады-Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасында қарастырылған мерзімде).

 

  № 6 іс-әрекет

Бағдарламаны таратуға қатысқан, қаржы институтын Комиссия отырысының нәтижесі туралы жазбаша түрде ескертеді (Комиссия отырысының хаттамасына қол қойылған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде).

№ 5 іс-әрекет

Субсидиялау туралы отырыс өткізу немесе қарыз алушы (несие келісімі) субсидиялаудан бас тартады және оларға субсидия соммасын бөлу, отырыстың хаттамасын құрады және қол қояды (отырыс өткізу- ашу хаттамасына қол қойылған соң бес жұмыс күні ішінде; Комиссия отырысының хаттамасына қол қою және құру-Комиссия отырысынан кейін он жұмыс күні ішінде).

 

 

  

      Кесте 3. Пайдалану нұсқасы. Ұсынылған мемлекеттік қызметтен бас тартудың негізінің бар-жоғының-балама үдерісі.

 

Балама үдеріс (жұмыс ағымы, барысы) немесе кеңеюі
Министрлік Департаментінің жетекші маманы Министрліктің жауапты хатшысы           Комиссия хатшысы         Комиссия Қаржы институты
№ 1 іс-әрекет

Осы жылда көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы хабарландыруды орналастыру/ Комиссияның құрылуын қамтамасыз ету (ұсынылған  құжаттар мен өтінімді соңғы мерзімге дейін бір ай бұрын/ 5 жұмыс күні).

№ 2 іс-әрекет

Комиссияны және оның құрамын құру туралы бұйрыққа қол қою (1 жұмыс күні).

 

№ 3 іс-әрекет

Қаржы институттарының өтінімін және  құжаттарын тіркеу және қабылдау (30 минуттан аспай).

№ 4 іс-әрекет

Қаржы институты өтінімдері және құжаттар салынған конвертті ашуды өткізу, анықтау өткізілген қаржы институттарын құру тізімі,  өтінімдерді ашу хаттамасына қол қою (конверттерді ашуды өткізу-хабарландыруда көрсетілген күні;қаржы институттарын құру тізімі, анықтама өткізілген-анықтама өткізілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде; өтінімдерді ашу хаттамасына қол қою- өтінімдер салынған конверттерді ашқан күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде).

 
    № 6 іс-әрекет

Бағдарламаны таратуға қатысқан- қаржы институттары үшін, қаржы институтын Комиссия отырысының нәтижесі туралы жазбаша түрде ескертеді, кімдердің өтінімдері кейінге шегерілсе ескерту ұсынылған қызметтен дәлелді нысанды түрде бас тарту болып табылады (Комиссия отырысының хаттамасына қол қойылған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде)

№ 5 іс-әрекет

Субсидиялау туралы отырыс өткізу немесе қарыз алушы( несие келісімі) субсидиялаудан бас тартады және оларға субсидия соммасын бөлу, отырыстың хаттамасын құрады және қол қояды (отырыс өткізу- ашу хаттамасына қол қойылған соң бес жұмыс күні ішінде; Комиссия отырысының хаттамасына қол қою және құру-Комиссия отырысынан кейін он жұмыс күні ішінде).

 

Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау»

мемлекеттік қызмет регламентіне

2-қосымша

Әкімшілік іс-әрекетінің  өзара қисынды байланысу жүйелігін көрсететін сызба

 

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus