Сброс
[ A+ ] / [ A- ]

Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау

Көрсетілетін қызметті  алушылар

    Жеке және заңды тұлғалар

Өтініштер қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдардың атаулары және (немесе) «электрондық үкіметтің» веб-порталын көрсету

    «Қазагромаркетинг» акционерлік қоғамы

Көрсетілетін қызметтің құны

      Ақысыз

Қызметті көрсету мерзімі

      Құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап –  36 (отыз алты) жұмыс күні

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға арналған өтініш (бұдан әрі – субсидиялауға арналған өтінішке). Оның ажырамас бөлігі ретінде мыналар қоса беріледі:
қаржы институты куәландырған, қаржы институты мен қарыз алушы арасында жасалған, негізгі борыш пен сыйақыны өтеу кестесі қоса берілген шарттың көшірмесі;
кредиттің/лизингтің мақсатты пайдаланылғандығын растайтын, қаржы институты куәландырған құжаттардың: кредиттік қарыздың мақсатты пайдаланылуы актісінің, кредит алғаны туралы қарыз алушының несиелік шотынан (екінші деңгейдегі банктер үшін) немесе кредиттің аударылғанын/лизинг нысанасының берілгенін растайтын құжаттардан үзіндінің көшірмелері;
егер субсидиялауға арналған өтінішке қаржы институтының бірінші басшысы қол қоймаған жағдайда, басқа адамның қол қою құқығына сенімхаттың немесе бұйрықтың көшірмесі;
қарыз алушының кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау бағдарламасына қатысуына келісімі туралы қаржы институтының хаты (қарыз алушы субсидиялауға арналған өтініш берген жағдайда ұсынылады).
Субсидиялауға арналған өтінішке қаржы институтының уәкілетті адамы немесе қол қою құқығына сенімхаты бар адам қол қоюы және ол қаржы институтының мөрімен бекітілуі тиіс. Бұл ретте қаржы институтының филиалдарынан (өкілдіктерінен) жекелеген субсидиялауға арналған өтініштер қабылданбайды.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі

      Көрсетілетін қызметті алушының банктік шотына субсидия қаражатын аударуға төлем шоты

«Электрондық үкіметті» порталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу

Жоқ

Актіні ресми түрде жариялау туралы ақпарат

  456«Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Мемлекеттік қызмет стандарты

07.06.16 

Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

1. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көрсетілген жұмыс кестесіне сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне;
      2) www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан көрсетілетін қызметті берушінің блогына шағым беру арқылы жүзеге асырылады.

Шағымда көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған жағдайда), пошта мекенжайы, шағым берген күні көрсетіледі және көрсетілетін қызметті алушының қолы қойылады.
Шағым берілген кезде әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне шағым жасалатын лауазымды адамдардың лауазымы, тегі мен аты-жөні, жүгіну себептері және талаптары көрсетіледі.
Қабылданған шағым көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеледі. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнiн, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып, шағымды тіркеу оның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

 2. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.


Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus