Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Қолдау және қызметтер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бекітілген стандарттары АӨК субсидиялау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау

Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау

Көрсетілетін қызметті  алушылар

     Жеке және заңды тұлғалар

Өтініштер қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдардың атаулары және (немесе) «электрондық үкіметтің» веб-порталын көрсету

Мемлекеттік қызметті Министрлік, «Қазагромаркетинг» акционерлік қоғамы

Көрсетілетін қызметтің құны

Ақысыз

Қызметті көрсету мерзімі

құжаттар топтамасы операторға тапсырылған сәттен бастап:
      қаржы агенті болмаған жағдайда күнтізбелік 70 (жетпіс) күн;
      қаржы агенті қатысқан жағдайда 80 (сексен) жұмыс күні

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру кезінде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау үшін өтінім (бұдан әрі – субсидиялау үшін өтініш);
      банк операцияларын жүзеге асыру құқығына арналған қаржы институты/төлем агенті лицензиясының көшірмесі;
      қаржы институты куәландырған көрсетілетін қызметті алушының кредиттік/кредиторлық/лизингтік міндеттемелері жөніндегі шарттардың көшірмелері;
      көрсетілетін қызметті алушының кредитті/лизингті мақсатты пайдаланғанын растайтын құжаттар (төлем тапсырмасы, кредиттік/лизингтік шартта көрсетілген қарыз алушының шотынан үзінді-көшірме, кредитті мақсатты пайдалану актісі, лизинг нысанасын қабылдау-беру актісі) немесе көрсетілетін қызметті алушының кредиторлық берешекті мақсатты пайдаланғанын растайтын құжаттар;
      көрсетілетін қызметті алушының қаржылық сауықтыру жоспары;
      қайта құрылымдау/қайта қаржыландыру шартының жобасы, қаржы институты куәландырған пайыздық мөлшерлеменің субсидияланатын бөлігінің бағанын және сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігінің бағанын қамтитын, жаңартылған өтеу жобасы, оның ішінде электронды түзетілетін форматтағы жобасы

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі

 көрсетілетін қызметті алушының банктік шотына субсидия қаражатын аударуға арналған төлем шоты

«Электрондық үкіметті» порталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу

http://egov.kz/

Актіні ресми түрде жариялау туралы ақпарат

«Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі
http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500012431#z7

Қызмет стандарты

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдарың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларда электрондық түрде не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

Шағымда:

1)   жеке тұлғаның – тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), почталық мекенжайы көрсетіледі;

2)   заңды тұлғаның – атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.

Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.

Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жолданады немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

Шағымды портал арқылы беру кезінде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 нөмірі арқылы алуға болады.

Электрондық өтінішті портал арқылы жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» өтініш туралы ақпарат қол жетімді болады, бұл ақпарат көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus