Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Қолдау және қызметтер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бекітілген стандарттары АӨК субсидиялау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау

Көрсетілетін қызметті алушылар Жеке және заңды тұлғалар
Өтініштер қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдардың атаулары және (немесе) «электрондық үкіметтің» веб-порталын көрсету 1) Астана және Алматы қалаларының, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың кеңселері;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
3) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы.
Көрсетілетін қызметтің құны Ақысыз
Қызметті көрсету мерзімі Құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – тиісті айда квота және қаржы қаражаты болған жағдайда 24 (жиырма төрт) жұмыс күні.
*Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялар алуға өтінім
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі Субсидия алуға өтінімді қарастыру нәтижелері туралы хабарлама
«Электрондық үкіметті» порталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау
Актіні ресми түрде жариялау туралы ақпарат «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қызмет стандарты
Ауыл Шаруашылығы Министрлігінің Бұйрығы 28.04.15 №3-2/378

09.09.15

Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

1. Көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда шағым:
1) Министрліктің интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына;
2) Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар бойынша интернет-ресурста орналастырылған көрсетілетін қызметті беруші басшысының блогына беріледі.

Шағымдар жазбаша нысанда пошта бойынша немесе қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол жұмыс күндері қабылданады.
Шағымды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне тапсырған кезде шағымның қабылданғанын растау шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға шағым қабылданған күні және уақыты, қабылдаған лауазымды тұлғаның тегі және аты-жөні көрсетілген талон беру болып табылады.  Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

2. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.      Мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

3. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы
заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.


Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus