Сброс
[ A+ ] / [ A- ]

Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау

Көрсетілетін қызметті  алушылар

     Жеке және заңды тұлғалар

Өтініштер қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдардың атаулары және (немесе) «электрондық үкіметтің» веб-порталын көрсету

  • Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары, көрсетілетін қызметті берушінің, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының кеңсесі;
  • ««Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Көрсетілетін қызметтің құны

Ақысыз

Қызметті көрсету мерзімі

28 (жиырма сегіз) жұмыс күні

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) сатып алынған бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарына субсидиялар алу үшін – жаздық дақылдар бойынша – тиісті жылғы 20 шілдеге дейінгі, күздік дақылдар бойынша – тиісті жылғы 10 қарашаға дейінгі мерзімде:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын сатып алуға субсидиялар алуға арналған өтінімге мыналар қоса беріледі:
      ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын сатып алғанын растайтын шот-фактуралардың көшірмелері;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын сатып алу көлемдері жөніндегі жиынтық тізілімнің көшірмесі.
      Химиялық әдіспен тазалау жүргізілген мақта тұқымын сатып алу кезінде субсидиялар алу үшін қосымша:
      мақта тұқымын химиялық әдіспен өңдеуге арналған шарттардың көшірмелері;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мақта тұқымын химиялық әдіспен тазалау бойынша орындалған жұмыстар актісі ұсынылады;
      2) сатып алынған бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарына тиесілі субсидияларды алу үшін (тұқым өсіру шаруашылығына субсидиялар алу құқығын беру жағдайына) – жаздық дақылдар бойынша – тиісті жылғы 20 шілдеге дейінгі, күздік дақылдар бойынша – тиісті жылғы 10 қарашаға дейінгі мерзімде:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтiнiм;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бірнеше өтінімдер берген кездегі өтінімдер тізілімі;
      3) егіске пайдаланылған, өзі өсірген бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарына субсидиялар алу үшін – жаздық дақылдар бойынша – тиісті жылғы 20 шілдеге дейінгі, күздік дақылдар бойынша – тиісті жылғы 10 қарашаға дейінгі мерзімде:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша егіске пайдаланылған, өзі өндірген бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарына субсидиялар алуға арналған өтiнiм:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын нақты өндіру көлемдері жөніндегі тізілімнің көшірмесі;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша себілген бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдары туралы актінің көшірмесі;
      4) арзандатылған құн бойынша өткізілген жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттеріне субсидиялар алу үшін – тиісті жылғы 20 шілдеге дейінгі мерзімде:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттерін ішінара арзандату үшін субсидия алуға арналған өтiнiмге мыналар қоса беріледі:
      жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттерінің өткізілгенін растайтын шот-фактуралардың көшірмелері;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттерін нақты өткізу көлемдері жөніндегі жиынтық тізілімнің көшірмесі.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі

көрсетілетін қызметті алушының банктік шотына тиесілі субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем шоттарының тізілімін ұсыну

«Электрондық үкіметті» порталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу

http://egov.kz/

Актіні ресми түрде жариялау туралы ақпарат

«Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі
http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500011455#z9

Қызмет стандарты

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

1. Көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдаған жағдайда шағым:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына;
2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша интернет-ресурста орналасқан көрсетілетін қызметті беруші басшысының блогына беріледі.

Шағымдар жазбаша нысанда почта арқылы немесе қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.
Шағымды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне тапсырған кезде шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға күні және уақыты, шағымды қабылдаған лауазымды адамның тегі және аты-жөні көрсетілген талон беру шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

2. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus