Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар Астанадағы ХЭБ үйлестіру кеңсесі ОА-да жануарлардың 8 ауруын зерттеу бойынша қызмет саласын кеңейтеді

Астанадағы ХЭБ үйлестіру кеңсесі ОА-да жануарлардың 8 ауруын зерттеу бойынша қызмет саласын кеңейтеді

Астанадағы Халықаралық эпизоотиялық бюроның субаймақтық үйлестіру кеңсесі Орталық Азияда жануарлардың 8 ауру түрін зерттеу бойынша қызмет саласын кеңейтеді, деп хабарлады ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева ҚР АШМ ВБҚК Ветеренария бойынша ұлттық референт орталығын аралау барысында.

«Біздің тәжірибеміз, 4 жылда қол жеткізген жетістіктеріміз көршілеріміз үшін үлгі болып табылады. Бұл өте орынды да , себебі жалғыз өте бабысты мемлекет болу мүмкін емес, мұндай жұмыстарды өзге мемлекеттермен бірлесіп жүзеге асырған жөн. Бұл кеңсені осыдан 2 жыл бұрын Астанада аштық, ол аймақтағы ветеринариялық қызметтердің жұмысын үйлестіру бойынша жұмыстарды жүргізеді», – деді Г.Исаева.
Вице-министрдің айтуынша, енді кеңсе 8 ауру түрі бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізеді және Орталық Азия аймағында олар бойынша ақпаратты үйлестіріп отырады.
«Менің есептеуімше, бұл біздің есіл еңбегімізді мойындау. Енді біз тек аусыл ғана емес, тағыда бруцеллез, лейкоз және қосымша 8 ауру түрлері бойынша жұмыс істейтін боламыз. Сонымен қатар, кеңсе қызметінің аумағыда кеңейтіледі. Егер оны құру тек Қазақстан үшін болса, енді оған Орталық Азияның 4 мемлекеті кіреді. Осылайша Еуразия территориясы үш кеңсе бойынша бөлінеді, олар – Брюссель, Мәскеу және Астана», – деп түсіндірді ол.
Анар Тәңірқұлова

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus