Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Суармалы жерлерді 2028 жылға дейін дамыту жоспары ұсынылды

Суармалы жерлерді 2028 жылға дейін дамыту жоспары ұсынылды


Бүгін Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында суармалы жерлерді 2028 жылға дейін дамыту жоспары қаралды.
Жоспардың негізгі мақсаты суармалы жерлерді 3,5 млн гектар аумағын суармалы сумен қамтамасыз ету болып табылады. Іске асыру барысында айналымнан шыққан 600 мың гектар суармалы жерлерді қалпына келтіру және жаңа 1 500 мың гектар суармалы жерлерді енгізу қарастырады. Инвестиция көлемі 1 233 млн теңгені, ал жалпы өнім 3 727 млрд теңгені құрайды.
Іс-шара жоспарының міндеті мемлекеттік-жеке меншік серіктестік тетігі арқылы жеке серіктестіктің қатысуымен жаңа суармалы жерлерді игеру жобаларын іске асыру мәселесін зерттеу болып табылады.
Жалпы алғанда суармалы судың толық көлемде қаржыландырылмауы және қолданыстағы тарифі каналдар гидротехникалық жабдықтарды жөндеуге және қайта құруға кететін шығындардың орнын толтыруға мүмкіндік бермей отыр. Дүниежүзілік банктің есептеулері бойынша қолданыстағы суландыру жүйелерін жаңартып отырмаса, 44 жылдың ішінде толығымен істен шығады.
Әлемдік тәжірибе суландыру жүйелерін дамытуда және қалпына келтіруде МЖС механизмі қолданылатындығын көрсетеді.
Жалпы алғанда, алдын ала есептеулер бойынша аталған тәсіл жаңа суармалы жерлердің 1 га-нан 1,6 млн теңгеге дейін кіріс алуға мүмкіндік береді.
МЖС арқылы жұмыс істеу моделінің сызбасы Қаржы министрлігінің кепілдігімен МФО, БЖЗҚ немесе екінші деңгейлі банктерден инвестицияларды тарту үшін арнайы қаржы компаниясын құратын жеке серіктестікті қарастырады.
МЖС арқылы моделдердің ұсынылған схемасы ХҚҰ-дан, ЕНПФ немесе Қаржы министрлігінің сенімі арқылы екінші деңгейлі банктерден инвестицияларды тарту үшін Арнайы қаржылық компанияны құрылтайшысы болатын Жеке әріптестіктің болуын қарастырады.
Әрі қарай Су ресурстары комитеті мен «Мемсараптама» РМК алдын ала келісіп және ирригациялық инфрақұрылым құрылысы бойынша жұмыстарды орындау үшін ТМРжБҚК-не су беруге тарифті келісумен жобаны іске асырудың экономикалық тиімділігін ескеріп, жобалық, техникалық шешімді анықтайды.
Инвестицияны кейін қайтару – пайдаланушы ұйымдардан суару суын пайдаланғаны үшін қаражат жинау арқылы жүзеге асырылады.
Әлемдік тәжірибені талдау көрсеткендей суға кететін шығындардың үлесі әр түрлі елдерде 10 пайызға дейінгі көрсеткішті құрайтындығын көрсетеді, ал Қазақстанда 0,4 %. Сонымен бәсекеге қабілеттілікті ұстап тұру мақсатында олар 4 пайыздан аспауға тиіс.
Алайда МЖС үлгісі бойынша қалпына келтірілген және жаңа суармалы жерлердің болжамдалатын құрылымы тарифтердің деңгейі шығындардың ұсынылатын 4 пайыздан асып түсетіндігін көрсетті. Осыған орай, 10 жылға қалпына келтірілген 256 мың гектарға арналған тарифтің бір бөлігін және 1667,0 га жаңа суармалы жерді субсидиялау кезінде суармалы судың тарифін біртіндеп арттыру көзделген.
Сонымен, республикалық бюджеттен шығындардың басым бөлігінің орны салық түсімдерінің есебінен толтырылады.
256,0 мың га суармалы жерлерді қалпына келтіруге инвестициялардың көлемі 117,8 млрд теңгені құрайды.
1167,0 мың га жаңа суармалы жерлерді енгізуге инвестициялардың көлемі 1126,9 млрд теңгені құрайды.
МЖС жоғарыда көрсетілген механизмін енгізу суармалы жерлердің аумағын 1418 мың га-дан 3528 га дейін, ал суармалы жерлерден жалпы ақшалай түсім 800 млрд теңгеден 3727 теңгеге дейін, 1 жұмыскерге өндірім 2,9 млн теңгеден 5,8 млн теңгеге дейін арттыруға мүмкіндік береді.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Powered by WordPress | Designed by Tielabs
© Copyright 2012, All Rights Reserved