Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Су ресурстарын басқару мәселелері талқыланды

Су ресурстарын басқару мәселелері талқыланды

Бүгін ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметовтың төрағалығымен Үкіметте 2014 – 2016 жылдарға арналған су ресурстарын басқарудың мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу қорытындылары бойынша отырыс болып өтті.

Отырысқа Парламент депутаттары, Есеп комитеті қызметкерлері және мүдделі мемлекеттік органдар мен қоғамдық кеңестердің, су шаруашылығы қауымдастықтарының өкілдері қатысты.

Бағдарламаның мақсаты – су ресурстарын басқарудың тиімділігін арттыру арқылы еліміздің су қауіпсіздігін қамтамасыз ету болатын. Яғни, тұрғындар мен қоршаған ортаның, экономика салаларының сумен қамтылуын, сулы экологиялық жүйелерінің сақталуын қамтамасыз ету міндеттері еңсерілуге тиіс еді.

Осыны баса айтқан ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметов бұл бағдарламаның ойдағыдай орындалуына қаржының толық бөлінбеуі әсер еткенін айтты.

«Бастамаларды тиімді жүзеге асырудың ұйымдастырушылық пен қаржыға келіп тірелетіні белгілі. Егер жергілікті атқарушы органдар жұмысты дұрыс ұйымдастыра білгенде, қаржы көздерін табуға болар еді» – деп атап өтті Вице-премьер.

Оның айтуынша, бұған дейін бағдарламада нақты бір көрсеткіштік индикаторлар да болмаған және бұл нақты ахуалды тиімді бағалауды қиындатты.

Ағымдағы уақытта аталған бағдарлама АӨК дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасымен интеграцияланды. Оның аясында 610 мың га. тұрақты суғарылатын аумақ пен 368 мың га. көлдетіп суару аумағының ирригациялық жүйелерін қалпына келтіру көзделуде.

Өз кезегінде, бұларға қол жеткізу үшін жергілікті әкімдіктермен меморандумдарға қол қойылды және нәтижелерді зерттеп, зерделеп отыру үшін мониторинг жүйесі енгізілді.

Бұдан бөлек, жиын барысында халық қалаулыларының сұрақтарына жауап беріліп, қоғамдастықтың пікірлері ескерілді

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus