Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Сырдария өзенінде үрмелі тіреуіш тоспа құрылысы Қызылорда облысында су тапшылығын болдырмай, бюджет шығынын 7-10 есеге дейін үнемдеуге мүмкіндік береді

Сырдария өзенінде үрмелі тіреуіш тоспа құрылысы Қызылорда облысында су тапшылығын болдырмай, бюджет шығынын 7-10 есеге дейін үнемдеуге мүмкіндік береді

Қызылорда облысында Сырдария өзенінде үрмелі тіреуіш тоспа инвестициялық жоба құрылысы жүзеге асырылуда (Жаңа-Шиелі магистралдық каналы). Құрылыстың іске қосылуы су аз жылдары Қызылорда облысының Жаңақорған және Шиелі аудандарының ауыл шаруашылығы жерлерін суаруға арналған су тапшылығын болдырмауға мүмкіндік береді.
Сырдария өзенінің бассейні Қырғызстанның таулы аудандарынан бастау алады. Қазақстан мен Өзбекстанның оңтүстік өңірлерін сумен қамтамасыз ету үшін кеңес уақытында Нарын-Сырдария каскадының су қоймалары салынды. Сырдарияның бас жағында (қайнар көзі) Тоқтағұл су қоймасы орналасқан (Қырғызстан). Бүгінгі күні, Тоқтағұл су қоймасы 19,5 млрд. текше метр қуаттылығымен су көлемі 7,3 млрд. текше метрді құрайды. Сәйкесінше Тоқтағұл су қоймасындағы су деңгейінің төмендігі Қазақстан аумағында орналасқан Шардара су қоймасын уақытылы сумен толтырмайды. Мұнымен бірге, жыл сайынғы су тастау арқылы еліміздің оңтүстігіндегі көптеген каналдар су қорын толтырады. Сондықтан, 2015 жылы вегетациялық кезеңінде Қызылорда облысының суармалы жерлері үшін суару суының тапшылығы болжануда.
Аймақта суармалы жерлерде су тапшылығын алдын алу үшін ҚР АШМ Су ресурстары комитеті Сырдария өзенінде 1,49 млрд.теңге жалпы құнымен үрмелі тіреуіш тоспа құрылысын салуға кірісті. Осы мақсатқа 2014 жылы республикалық бюджеттен 30,0 млн.теңге, 2015 жылы жобаны жалғастыруға 700,0 млн.теңге бөлінген. Қалған 760 млн.теңге сомасындағы қаражат 2016 жылы бөлінбек.
Шиелі ауданында салынып жатқан үрмелі тіреуіш тоспасы не бары 3 айдың ішінде эксплуатацияға енгізуге мүмкіндік беретін жаңа технологиялық үлгідегі құрылғы екенін атап өткен жөн. Мәселен, бұрынырақ қолданылған ұқсас бетонды тоспалаушы құрылғылар үш жылға дейін салынатын. Бұдан басқа, алдын ала есеп бойынша жаңа технологияларды қолдану бюджеттік шығынды шамамен 7-10 есеге дейін қысқартуға мүмкіндік береді.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 55-57-65
E: minagripress@gmail.com
W: www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus