Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Стандарттарды үйлестіру Қазақстанның экспорттық әлеуетін ұлғайтуға мүмкіндік береді

Стандарттарды үйлестіру Қазақстанның экспорттық әлеуетін ұлғайтуға мүмкіндік береді

Бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті және АӨК мемлекеттік инспекция комитеті өкілдерінің қатысуымен брифинг өтті.

Елбасы тапсырмаларын орындау аясында өнімдерді экспорттау көлемін ұлғайту бойынша кешендік шаралар жүзеге асырылуда, бұл отандық өнімдерді әлеуеттік өткізу нарығына жылжытуға қолдау көрсетуге бағытталған (Иран, ҚХР, БАЭ, Сауд Арабиясы, Израил және т.б.).

Осы мақсаттар үшін «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ АӨК-нің экспорттық орталық рөлін атқара отырып «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ және «KAZNEX INVEST» инвестициялар және экспорт бойынша Ұлттық агенттігі» АҚ , сондай-ақ шет елдердегі ҚР дипломатиялық өкілдіктерімен өзара тығыз байланыс орнатып отыр.

Сыртқы нарықты сараптау, дамыған елдерге өнімдерді жеткізу және өтімі бар елдер үшін өнімдерді өткізудің жол картасын әзірлеу, өнімдерді экспорттау бойынша кеңес беру, оның ішінде ілесе келісім шарттар жасап, АШТӨ өнімдерін баса сатып алу арқылы ірі экспорттық көлем қалыптастыру, сыртқы нарықтық сұранысқа ие ауыл шаруашылығы өнімдері үшін экспорттық өтім жолдарын құру, экспорттық келісім шартта АШТӨ өнімдерін сақтандыру және оған кепілдік беру, «KZ ORGANIC FOOD» -ты қоса алғанда негізгі брендтік өнімдерді жеткізу Орталықтың міндеті болып саналады.

Атап айту қажет, Министрлікпен ветеринариялық талаптарды келісімдеу жағына сыртқа нарықтарды ашу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Мысалы, осы жылы мамыр айында Пекинде «Бір белбеу, бір жол» форумы аясында Қазақстаннан Қытайға экспортталатын балға қойылатын Ветеринариялық талаптар хаттамасына қол қойылды.

Сондай-ақ ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің Астана қаласына арнайы келуі аясында Қазақстаннан Қытайға мұздатылған қой етін экспортауға Талаптар хаттамасына қол қойылды.

Бұл хаттама ұсақ малды соятын, қой етін өндіретін, оны сақтайтын, қораптайтын, таңбалайтын және сататын кәсіпорындарымен мұздатылған қой етіне қойылатын ветеринариялық-санитарлық талаптардың орындалуына бағытталған. Хаттамаға қол қою – бұл, қазақстандық мал шаруашылығы өнімдерін ҚХР нарығына қол жеткізу бойынша 2-3 жыл бойы жасалған үлкен жұмыстың нәтижесі.

Анықтама: бүгінгі күні Қазақстан Республикасынан ҚХР-на балық және балық өнімдері, жылқы тұқымдас жануарлардың экспорты болуы мүмкін. Бұл үшін қытай тарапы жағынан ветеринариялық сертификаттардың үлгілері келісілген болатын.

ҚХР стандарттарына сәйкес мал шаруашылығы өнімдерін тамақ қауіпсіздігіне тексеру бойынша қазақстандық шекара маңындағы ветеринариялық зертханаларды аккредитациялау бойынша шаралар аясында Қазақстаннан Қытайға мал шаруашылығы өнімдерін экспорттық жеткізу мақсатында қазақстан тарапы бастамасымен 2017 жылғы 9 тамызда «Хоргос» шекаралық ынтымақтастық халықаралық орталығы әкімшілігінің көмегімен орталықтың аумағында (Алматы облысы) ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің мамандарымен СУАР провинциясы бойынша ҚХР сапа, инспекция және карантинді қадағалау бас басқармасының Ғылым және техника департаментінің өкілдерінің кездесуі болып өтті.
Кездесу барысында зертханалық бақылау саласындағы ынтымақтастық сұрақтары талқыланды, жекелей алғанда зертханалық тексерістерді өткізу кезінде зерттеулер нәтижелерін өзара мойындау үшін стандарттар мен бақылау әдістерін үйлесімдендіру бойынша көңіл бөлінді.

Бұл кездесу ветеринариялық бақылау саласында біріккен қазақстан-қытай қатынастарының одан әрі дамуына әсерін тигізді.

Бұдан басқа, бүгінгі күні Иран тарапы жағынан Қазақстаннан Иранға тірі қойды, суытылған және мұздатылған қой етін жеткізуге ветеринариялық талаптар келісілген.

Қазіргі уақытта ҚР-нан Иранға мұздатылған қой етін экспорттауға ветеринариялық сертификаттың жобасын келісімдеу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Қазақстандық қой еті және тірі қой үшін ирандық нарықтың ашылуы Таяу Шығыс елдеріне (БАЭ, Сауд Арабиясы, Кувейт, Катар және т.б.) экспорттық әлеуетті кеңейтуге мүмкіндік береді.

Брифинг барысында осыған ұқсас жұмыстар БАЭ, Сауд Арабиясы, Израилдың тиісті органдарымен жүргізіліп жатқаны жөнінде атап айтты.

Сонымен қатар, «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі» Кеден одағының техникалық регламентіне өзгерістер енгізу туралы айтып өтті.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus