Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет «Бiрегей және элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтiлген тұқым өндiрушiлердi және тұқым өткiзушiлердi аттестаттау» мемлекеттiк қызмет стандарты

«Бiрегей және элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтiлген тұқым өндiрушiлердi және тұқым өткiзушiлердi аттестаттау» мемлекеттiк қызмет стандарты

 


           Қазақстан Республикасы

                     Үкіметінің

                 2013 жылғы «    »                                                         

                  №       қаулысына

                      1-қосымша

 

 

«Бiрегей және элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтiлген тұқым өндiрушiлердi және тұқым өткiзушiлердi аттестаттау» мемлекеттiк қызмет стандарты

 

 

  1. 1.     Жалпы ережелер

 

1. «Бiрегей және элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтiлген тұқым өндiрушiлердi және тұқым өткiзушiлердi аттестаттау» мемлекеттiк қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) стандарты әзірлейтін мемлекеттік органы – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі.

2. Мемлекеттiк қызмет мекенжайлары осы стандартқа  1-қосымшада көрсетiлген облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарымен (бұдан әрi – жергiлiктi атқарушы орган), сондай-ақ www.e.gov.kz«электронды үкімет» веб-порталы арқылы немесе www.elicеnse.kz«Е-лицензиялау»  веб-порталы (бұдан әрі  –  портал) арқылы көрсетіледі.

3. Мемлекеттiк қызмет тұқым шаруашылығы саласында қызметiн жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетiледi.   

 

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi:          

1) жергілікті атқарушы органда:

мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi көрсетілетін қызметті алушыосы стандарттың 9-тармағында айқындалған қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап он бесжұмыс күні ішінде;        

қажетті құжаттарды тапсыру кезіндегі кезекте күтудің ең жоғары шекті уақыты – отыз минуттан аспайды;

мемлекеттік қызметтің нәтижесін алу кезіндегі кезекте күтудің ең жоғары шекті уақыты – отыз минуттан аспайды;

2) порталда:

мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi көрсетілетін қызметті алушыосы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап он бесжұмыс күні ішінде.

Жергілікті атқарушы орган тұтынушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған мәліметтердің толықтығын тексередi. Ұсынылған мәліметтердің толық емес фактісі анықталған жағдайда жергілікті атқарушы орган көрсетілген мерзімде тұтынушыға өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы жазбаша дәлелді бас тартуды береді.

  1. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: электрондық және қағаз түрінде.
  2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестаттау туралы куәлiкті беру не уәкілетті лауазымды адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электронды құжаттар нысанындамемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді түрдегі жауап болып табылады.

Жергілікті атқарушы органға куәлікті қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда, куәлік электронды форматта ресімделеді, басып шығарылады, мөр басылады және оған жергілікті атқарушы органның басшысы қол қояды.

  1. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.                 

8. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі жұмыс кестесі:  

1) құжаттарды жергілікті атқарушы органдарда уәкілетті органа қабылдау почта арқылы немесе осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген жұмыс кестесіне сәйкес мекенжайлар бойынша.

Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

2) порталда – тәулік бойы.           

9. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн көрсетілетін қызметті алушымынадай құжаттарды ұсынады:                                                                                                  жергілікті атқарушы органға:                                                                       осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгiленген үлгідегі өтiнiш;

жеке тұлға үшін – көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;

заңды тұлға үшін – заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк* немесе анықтама;

көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжат және өкіл өкілеттігін куәландыратын құжат;

Қағидалардың 2-тарауында баяндалған талаптарға сәйкестігі туралы ақпарат осы стандартқа 4,5,6,7-қосымшаларға сәйкес мәліметтер нысаны түрінде ұсынылады.

Мемлекеттік электронды ақпараттық ресурстарда қамтылған жеке басын куәландыратын құжаттардың, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы мәліметтерді жергілікті атқарушы орган портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден уәкілетті тұлғалардың ЭЦҚ қойылған электронды құжаттар нысанында алады.

Құжаттарды қабылдау кезінде мәліметтерді жергілікті атқарушы органның қызметкері құжаттардың түпнұсқасындағы мәліметтердің түпнұсқалығын мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтермен салыстырып тексереді, бұдан соң түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.     

порталда:                                                                             

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылғанэлектронды құжат нысанындағы өтініш; 

Қағидалардың 2-тарауында баяндалған талаптарға сәйкестігі туралы ақпарат осы  стандартқа 4, 5, 6, 7-қосымшаларға сәйкес мәліметтер нысаны түрінде ұсынылады.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны,жеке кәсiпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)туралы құжаттардың мәліметтерін  жергілікті атқарушы орган портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден уәкілетті лауазымды тұлғалардың ЭЦҚ-сыменкуәландырылғанэлектронды құжаттар нысанында алады.        

Ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны филиалдар мен өкілдіктерді мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін күшінде болады

10.Мемлекеттік қызметті көрсетуден:

1) көрсетілетін қызметті алушының Қағидалардың 2-тарауында көрсетiлген талаптарына сайкес келмеуi;

2) «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабында көзделген негіздербас тартуға мыналар негiз болып табылады.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті алушыжергілікті атқарушы органнан не электронды  құжат нысанында порталдағы «жеке кабинетінде» алады.

 

3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге шағымдану тәртібі

 

11. Жергiлiктi атқарушы органдардың лауазымды адамдарының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымданутәртiбiн түсіндіруді, сондай-ақ шағымды дайындауға көмек көрсетуді осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайларда орналасқанжергiлiктi атқарушы органдардың заң қызметiнiң мамандары жүзеге асырады.

Портал жұмысына шағымдану тәртібі туралы ақпаратты call-орталықтың: (1414) телефоны арқылы алуға болады.  

          12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген Дұрыс және емес қызмет көрсеткен жағдайда шағым тиісті әкімніңатына мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша:

1)       осы стандартқа1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша жергілікті атқарушы органның кеңсесіне;

2)       осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген тиісті жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында орналасқан әкімнің блогына жүгіну арқылы беріледі.

Портал дұрыс жұмыс істемеген жағдайда шағым call-орталықтың: (1414) телефоны бойынша беріледі.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті алушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.

Шағым шағымда көрсетілген мәселелерді шешу құзыретіне кіретін лауазымды тұлғаның атына беріледі.

Шағымда мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттабар болса), пошталық мекенжайы, шағым берген күні және мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті алушының қолы көрсетіледі.

Шағым берген кезде әрекетіне немесе әрекетсіздігіне шағым берілетін лауазымды тұлғаның лауазымы, тегі мен аты-жөні,өтініш білдіру себептері және талаптары көрсетіледі.

13. Шағым жергілікті атқарушы органның кеңсесіне берілген кезде мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті алушыға күнi мен уақыты, шағымды қабылдаған лауазымды тұлғаның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген талонды беру – шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағымның қаралу барысы туралы ақпаратты тиісті жергілікті атқарушы органның кеңсесіндегі лауазымды тұлғалардан алуға болады. 

Шағымды портал арқылы жіберген кезде, шағымның қаралу барысы (жеткізілгені, тіркелгені, орындалуы, қарастырылу нәтижесі туралы белгі) туралы ақпарат көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» қол жетімді болады.

Шағымдарды қарау «Мемлекеттік қызмет туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіпте және мерзімде жүзеге асырылады.

 

 

4. Өзге де талаптар

 

14. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат:

1)       Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң www.minаgri.kz интернет-ресурсында;

2)       осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген жергiлiктi атқарушы органдардың интернет-ресурстарында;    

3)       порталда орналастырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібітуралы ақпараттыcall-орталықтың1414 телефондары бойынша алуға болады.

15. Мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті алушы қосымша ақпаратты жергілікті атқарушы органдардың кеңселерінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kzинтернет-ресурсынан ала алады.  

______________________

 Қосымша

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus