Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет «Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сорттық сынақтан өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 тамыздағы № 780 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына салыстырмалы кесте

«Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сорттық сынақтан өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 тамыздағы № 780 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына салыстырмалы кесте

 

р/с

Нормативтік

 құқықтық актінің құрылымы

Қолданыстағы редакция

Ұсынылатын редакция

Негіздеме

1. 5-тармақтың төртінші бөлігі

 

 

5. Патент беруге арналған өтінімді сараптама жасау ұйымына өтінім беруші береді.

Алдын ала сараптаманың оң нәтижесін алған жағдайда селекциялық жетістіктерді қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган өтінімді одан әрі қарау туралы шешім қабылдайды. Өтінімнің және сорттың сауалнамасының көшірмелері Мемлекеттік комиссияға жіберіледі.

Сараптама ұйымы алдын ала сараптаманың оң нәтижесі, өтінім беру күнін белгілеу, сорттың басымдылығы және өтінім материалдарының Мемлекеттік комиссияға берілгені туралы өтінім берушіні бір ай мерзімде жазбаша нысанда хабардар етеді.

Жоқ

5. Патент беруге арналған өтінімді сараптама жасау ұйымына өтінім беруші береді.

Алдын ала сараптаманың оң нәтижесін алған жағдайда селекциялық жетістіктерді қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган өтінімді одан әрі қарау туралы шешім қабылдайды. Өтінімнің және сорттың сауалнамасының көшірмелері Мемлекеттік комиссияға жіберіледі.

Сараптама ұйымы алдын ала сараптаманың оң нәтижесі, өтінім беру күнін белгілеу, сорттың басымдылығы және өтінім материалдарының Мемлекеттік комиссияға берілгені туралы өтінім берушіні бір ай мерзімде жазбаша нысанда хабардар етеді.

Өтінім электрондық цифрлық қол қоюмен расталған электрондық құжат түрінде берілуі мүмкін.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне интелектуалдық меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 12 қантардағы Заңына сәйкес келтіру.
2. 12-тармақтың бөлігі 12. Сорттың атауын бағалау мынадай өлшемдер бойынша жүзеге асырылады: сорттың атауы сортты сәйкестендіруге мүмкіндік беруі, қысқа болуы, сол немесе соған жақын ботаникалық түрдің қолда бар сорттарының атауларынан өзгеше болуы тиіс. Ол тек цифрлардан ғана тұрмауы, қасиеттеріне, шығу тегіне, сорттың маңызына, селекционердің жеке басына қатысты жаңылыстырмауы тиіс, адамгершілік пен мораль қаңидаттарына қайшы келмеуі тиіс. 12. Сорттың атауын бағалау мынадай өлшемдер бойынша жүзеге асырылады: сорттың атауы сортты сәйкестендіруге мүмкіндік беруі, қысқа болуы, сол немесе соған жақын ботаникалық түрдің қолда бар сорттарының атауларынан өзгеше болуы тиіс. Ол тек цифрлардан ғана тұрмауы, қасиеттеріне, шығу тегіне, сорттың маңызына, селекционердің жеке басына қатысты жаңылыстырмауы тиіс, адамгершілік пен мораль қаңидаттарына қайшы келмеуі тиіс.

Ұсынылған селекциялық жетістіктердің түрлерінің дұрыстығын тексеру сараптамалық ұйымдардан материалдардың өтінімі келген күннен бастап екі ай мерзімде мемлекеттік комиссиялармен жүзеге асырылады.

 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне интелектуалдық меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 12 қантардағы Заңына сәйкес келтіру.
3. 14-тармақтың бөлігі 14. Егер сорттың атауы осы Ереженiң 12, 13-тармақтарында белгiленген талаптарға жауап бермесе, өтiнiм берушi Мемлекеттiк комиссияның сұрау салуы бойынша екi ай мерзiмде жаңа атау ұсынады.

Болған жоқ

14. Егер сорттың атауы осы Ереженiң 12, 13-тармақтарында белгiленген талаптарға жауап бермесе, өтiнiм берушi Мемлекеттiк комиссияның сұрау салуы бойынша екi ай мерзiмде жаңа атау ұсынады.

Егер көрсетілген мерзім ішінде өтінім беруші аталған талаптарға сәйкес жаңа атау ұсынбаса, немесе аппеляциялық кеңесте селекциялық жетістіктердің түрлерін мақұлдаудан бас тартуға қарсы болмаса, уәкілетті орган селекциялық жетістіктерді тіркеуден бас тартады.

 

 

 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 10 қаңтардағы Заңына сәйкес келтіру
4. 23-тармақ бірінші бөлігі 23. Тұқымдық материалдың үлгілерін іріктеп алу мемлекеттік стандартқа сәйкес ағымдағы жылғы егіннің өнімінен жүзеге асырылады және тұқым аттестатымен немесе куәлігімен, карантиндік немесе фитосанитариялық сертификатпен бірге жүреді. 23. Тұқымдық материалдардың үлгілері ұлттық стандарттарға сәйкес ағымдағы жылдың өнімінен алынады және тұқымның аттестатымен және куәлігімен, карантиндік немесе фитосанитарлық сертификатымен қоса жіберіледі. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне метрология және техникалық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіру

 

 

      Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрі                                                                                                                                                              А. Мамытбеков

 

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus