Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Баяндамалар АӨК-тегі инвестициялық ахуалды жақсарту жөнінде Іс-шаралар жоспары бойынша анықтама

АӨК-тегі инвестициялық ахуалды жақсарту жөнінде Іс-шаралар жоспары бойынша анықтама

 «100 нақты қадам» Ұлт жоспары – бес институционалдық реформа шеңберінде әлеуметтік-экономикалық саясатты іске асыру бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы II тоқсанға арналған бірінші кезектегі іс-қимыл жоспарында АӨК-дегі инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – Жоспар) бекіту көзделген.
Жоспар 7 бөлімнен тұрады.

«АӨК субъектілері үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру (қарыз капиталы)» I бөлімі: өсімдік шаруашылығындағы сақтандыру жүйесін жетілдіру, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның жобасын ҚР Ұлттық банкі ХҚҰ-дан өтініш алған жағдайда ХҚҰ-мен операциялар бойынша ҚР Ұлттық Банкінің лимитіне қосу мүмкіндігін қарастыру, 2007-2012 жылдары РБ-дан «ЭкспАгро» ЖШС жарғылық капиталын толықтыруға бөлінген бюджет қаражатының игерілмеген қалдығының нысаналы мақсатын өзгерту есебінен АӨК-ге тікелей инвестициялар ұйымдастыру, Ұлттық басқарушы холдингтер және олардың еншілес ұйымдары екінші деңгейдегі банктерді қаржыландыруды көздейтін жобаларды іске асыруға мемлекеттік кепілдікті алу кезінде банктерден қарсы кепілдікті беру жөніндегі талапты алып тастау бөлігінде Бюджет кодексіне өзгерістер енгізу,  АӨК субъектілеріне берілетін кредиттер бойынша субсидияланатын пайыздық мөлшерлемені 7%-дан 10%-ға; технологиялық жабдықты, ауыл шаруашылығы техникасы мен жануарларды сатып алуға 10%-дан 13%-ға дейін ұлғайту мәселесін пысықтау.

«Аграрлық азық-түлік нарықтарын дамыту (сауда капиталы)» II бөлімі: Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің сауда алаңдарын жалдау ақысы шығындарын субсидиялау жөніндегі мәселені пысықтау, жұмыс берушінің қаражаты есебінен зиянды және қауіпті өндірістегі жұмыскерлерге зарарсыздандырылған ішетін сүт беру, Үкіметтің ақпараттық стратегиясына теңгерімделген салауатты тамақтануды насихаттау жөніндегі бөлімді қосу, ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін отандық өңделген тауарлардың тізбесіне өзгерістер енгізу, Мемлекеттік стандарттау жөніндегі жұмыс жоспарына тамақ өнімдерін бұрмалауды анықтау мен сәйкестендіру әдістеріне арналған стандарттарды әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізу, әзірленген тамақ өнімдерін бұрмалауды анықтау мен сәйкестендіру әдістеріне арналған әдістемелерді қолдану мақсатында зертханалармен қамтамасыз етілу бойынша, олардағы жабдықтардың аудиті.

«Ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту үшін жағдайлар жасау» III бөлімі: Арнайы салық режимiн қолдану кезінде ауыл шаруашылығы кооперативі үшін жерлердің болуы жөніндегі талапты алып тастау  (СК-ның 448-б. 1-1-т.).

«АӨК субъектілерінің сумен қамтамасыз етілуін арттыру» IV бөлімі: суармалы жерлерді қалпына келтіру үшін мемлекеттік кепілдікте халықаралық қаржы ұйымдарының қарыз қаражатын тарту, "Қазсушар"РМК-ны халықаралық қаржы ұйымдарының қарыз қаражатын тартатын табиғи монополиялар субъектілерінің тізбесіне қосу,  бірыңғай тігінен интеграцияланған гидромелиорациялық жүйе құру үшін шаруашылық ішіндегі суару каналдарының барлық 100%-ын коммуналдық меншіктен республикалық меншікке беру. Республикалық меншікке бере отырып, иесіз гидротехникалық құрылыстар бойынша мүліктік рәсімдерді аяқтау. 

«АӨК субъектілерінің құқықтарын қорғау» V бөлімі: тауар нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйіне талдау және бағалау жүргізу әдістемесін жетілдіру.
Тауар нарығындағы бәсекелестік ортаның жай-күйіне талдау және бағалау жүргізу әдістемесін жетілдіру, жеке қосалқы шаруашылықтардың ауыл шаруашылығы және тамақ өнімдерінің нарықтық бағаларын қалыптастыруға әсерін бағалау.

«Ғылым, консалтинг, білім тарату» VI бөлімі: Аграрлық ғылым жөніндегі ұлттық ғылыми кеңес құру.
«Жер қатынастарын жетілдіру» VIІ бөлімі ҚР Премьер-Министрінің 2016 жылғы 11 мамырдағы № 38-р өкіміне сәйкес құрылған Жер реформасы бойынша комиссия шеңберінде қарастырылады.

Жоғарыда көрсетілген жоспарды іске асыру АӨК-ге инвестиция тарту үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді, АӨК субъектілері үшін қаржыландыру қолжетімділігін, АӨК субъектілері сумен қамтылуын арттырады, отандық өнімдердің өтімін және тауарлық инфрақұрылым мәселелерін шешеді.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Яндекс.Метрика