Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Жаңа бағдарламаның бұрын қабылданған бағдарламадан айырмашылығына анықтама

Жаңа бағдарламаның бұрын қабылданған бағдарламадан айырмашылығына анықтама

Жаңа бағдарламаның бұрын қабылданған бағдарламадан басты өзгешілігі директивті өндірістік бағдарламаны әзірлеуден бас тартып, АӨК субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы оның табысты және тәуекелге бекем болу үшін жағдай құруға үлкен назар жасалынған болатын. Өндірістік макрокөрсеткіштерден бас тарту қосып есептеу мәселесін шешеді. Агробизнестің макрокөрсеткіштерге жету деңгейі бойынша жұмысын бағалай отырып, қосып есептеуге жағдай жасалып отыр. Жергілікті атқарушы органдар жақсы баға алу үшін, мысалы агробизнестен қолданыстағы мал мен егін көлемінің қажетті санын есебінде қосып жазуды сұрауы мүмкін. Жергілікті атқарушы органдардың пікірінше бұрынғы бағдарламада көрсетілген өндірістік макроэкономикалық көрсеткіштер қосып жазудың негізгі себебі болып отыр.
Бизнестің не себу керек, ауыл шаруашылық тауарын қайда сату керектігін өзі біледі. Министрліктің негізгі міндеті салық, жер, инфрақұрылым, кооперация, қаржылық мүмкіндік, ветеринариялық және өсімдіктерді қорғау шаралары бойынша сұрақтарды шешу болып табылады. Сондықтан, барлық жобалар бизнес оларды сезіну үшін, бизнес ортасынан өсіп шығу керек, ал мемлекет, өз кезегінде оларды бизнеске енгізу үшін қолайлы жағдайлар жасауы тиіс.
Бағдарламада көрсетілген негізгі жаңа мемлекеттік қолдау шаралары:
1. АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру
2. Лизинг және несиелеу бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау
3. Қарыздарды сақтандыру мен кепілдендіру
4. Екінші деңгейлі банкілерді қорландыру
5. Инвестициялық субсидиялар
Айта кету керек, бағдарламада келтірілген мемлекеттік қолдаудың жаңа шаралары салаға жеке инвестициялар салудың көбеюін ынталандырады.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus