Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Сүтті-тауарлы фермалар

Сүтті-тауарлы фермалар

Бағдарламаның мақсаты: ІҚМ 50 және 100 басына сүтті-тауарлы фермаларды құру және кеңейту.
Мақсатты топ: заңды және жеке тұлғалар.
Мақсатты бағыттау:
– сүтті бағыттағы ІҚМ асыл тұқымды аналық мал басын сатып алу;
– қажетті техника мен құрал-жабдықтарды сатып алу.
Қарыздың максималды сомасы: 60 (алпыс) миллион теңгеге дейін.
Сыйақы үстемесі:
– жылдық 4% – сыйақы үстемесін субсидиялауды есептегенде, жылдық 11% – сыйақы үстемесін субсидиялаусыз.
Қарыз алушы субсидиялаудың талаптарына сай келмейтін болған жағдайда, немесе субсидиялауға өз еркімен қатыспайтын жағдайда, жобаны қарастыруда кірістің қосымша көздері, 7% жылдық сыйақыдан кем емес, есептеледі.
Қарыз/лизингтік мерзімі: 84 (сексен төрт) айға дейін (лизинг затын тапсыру-қабылдау актісіне қол қойылған күннен бастап).
Негізгі борышты өтеу мерзімділігі: ай сайын/ тоқсан сайын/ жарты жылда бір рет, несиелеу мерзімі бойынша жартылай/толық қайтару мүмкіндігімен.
Сыйақыны өтеу мерзімділігі: ай сайын/ тоқсан сайын/ жылына бір рет.
Негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдетілген мерзім: 24 (жиырма төрт) айдан аспайды.
Сыйақыны өтеу бойынша жеңілдетілген мерзім: 12 (он екі) айдан аспайды.
Қамту: Қоғамның Кепілдік саясатына сәйкес.
Қарыз алушыға қойылатын негізгі талаптар:
– төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылық;
– несие өтінішін берген/қаралған күніне бюджетке салықтық және басқа да міндетті төлемдер бойынша мерзімі өткен берешегінің болмауы;
– соңғы есепті күнге (өтініш беретін айда) ЕДБ және басқа да қаржы институттары алдында мерзімі өткен берешегінің болмауы;
– жағымды несиелік тарихы (несие тарихы бар болса);
– мал ұстауға қажетті инфрақұрылымның болуы (елдімекеннен тыс жер телімде орналасқан электр-, сумен қамтамасыз етілген сүтті-тауарлы миниферма);
– жем-шөп базасымен қамтылу (жайылым жерлердің болуы, оның ішінде бірлескен қызмет туралы келісім-шарттар бойынша);
– шаруашылықта ветеринарлық-санитарлық сау жағдайының болуы;
– өзіндік ІҚМ аналық басының болуы, несие қаржысына сатып алынатын мал санына арақатынасы 1:5;
– менеджмент пен сүтті-тауарлы фермаларда контроллингті ұйымдастыру негіздерін оқу туралы сертификатының болуы, немесе штатта зооветеринария маманының болуы.
Жобаға қойылатын негізгі талаптар:
– сатып алынатын мал сүтті бағытты болуы тиіс;
– сатып алынатын сүтті бағыттағы ІҚМ аналық басының жасы – 12 айдан 36 айға дейін қоса алғанда;
– ІҚМ 50-ден 100-ге дейін аналық мал басына арналған, құрылған сүтті-тауарлы миниферманың болуы, ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің ұсынылған талаптарына сәйкес;
– электрқамтудың қосымша көзінің (тиісті қуаттылықтағы дизель-генератор) және малды суаратын су қоймасының болуы;
– сиырларды еркін жайылатын алаңдары бар мал қорада ұстау;
– меншіктегі және сатып алынатын малдың идентификациялауы, ауыл шаруашылық малды идентификациялау ережелеріне сай (таңбалау, белгілеу және т.б.);
– лицензиясы бар, бәсекеге қабілеттіліктік, келісім-шарттық негізде ветеринарлық мамандарда қаралу;
– сүтті асыл тұқымды бұқа-өндірушінің аналық мал басына 1:30 арақатынасымен болуы, немесе қолдан ұрықтандыруды өткізу туралы мамандандырылған ұйымдармен келісім-шарттың болуы;
– меншіктегі асыл тұқымды бұқа-өндірушілер сүтті тұқымды болу керек, асыл тұқымды және ветеринарлық куәліктерімен;
– қолдан ұрықтандыруда сүтті асыл тұқымды бұқаның тұқымы болу керек;
– несиелеудің толық мерзімі бойынша аналық мал басының саны қарыздық қаражатқа сатып алынған мал басы санына тең сақталуы тиіс;
– сүт өндіретін ұйыммен сүтті жеткізу туралы, қолданылу мерзімі 1 жылдан кем емес келісім-шарттың болуы;
– құрал-жабдықтарды, техниканы, сүтті ІҚМ аналық мал басын жеткізушілермен ниет туралы келісім-шарттардың болуы.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus