Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Бейне Қазақстан азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымына төрағалық етеді

Қазақстан азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымына төрағалық етеді

Мұндай шешім бүгін Астанада өтіп жатқан азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы Бас Ассамблеясының құрылтайшы сессиясында қабылданды. Жаңа ұйымға 31 мемлекет мүше. Құрылым ауыл шаруашылығын дамыту, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, биотехнологияны тиімді пайдалану бағытында жұмыс жасайды. Сонымен қатар ұйымға мүше елдер арасында азық-түлік қорлары құрылып, жаңа көлік-логистикалық бағыттар іске қосылады. Бұл азық-түлікті тасымалдау шығындарын барынша азайтуға сеп болмақ. Әрі бағасының шарықтауына жол бермейді. Ұйымның штаб-пәтері Астана қаласында орналаспақ. Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымын құру туралы бастаманы 2011 жылы Ислам ынтымақтастығы ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38-ші сессиясында ҚР-ның Перзиденті Нұрсұлтан Назарбаевтың көтергендігін еске саламыз. Ияд Амин Мадани, Ислам ынтымақтастығы ұйымының бас хатшысы -Біз азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымын құру туралы бастаманы көтерген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа айтар алғысымыз шексіз. Ұйым қордаланған мәселелерді бірлесіп шешу, ауыл шаруашылығы саласын дамыту, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқармақ. Асылжан Мамытбеков, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі -Бас Ассамблея төрағасының орынбасарлары болып Кот-д’Ивуар және Палестина мемлекеттері сайланды. Ұйымның тұрақты жұмыс органы, хатшылықтың бас директоры болып Қазақстан Республикасынан ұсынылған Ержан Жалмұқанов сайланды. Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы өзінің іс жүзіндегі жұмысын жақын уақытта бастайтын болады.

Источник: http://khabar.kz/kz/news/kogam-kz/item/53904-aza-stan-azy-t-lik-auipsizdigi-zh-nindegi-islam-jymyna-t-ra-aly-etedi%D1%80%D1%83%D1%81

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus