Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар СОЗАҚТЫҢ ҚАРАКӨЛ ҚОЙЫ БІРІККЕН АРАБ ӘМІРЛІКТЕРІНЕ ЭКСПОРТҚА ШЫҒАРЫЛДЫ

СОЗАҚТЫҢ ҚАРАКӨЛ ҚОЙЫ БІРІККЕН АРАБ ӘМІРЛІКТЕРІНЕ ЭКСПОРТҚА ШЫҒАРЫЛДЫ

Облыс әкімі Б. Атамқұлов Созақ ауданында болған сапарында қаракөл қойын өсiруге баса көңіл бөлу керек деген болатын. Бүгiнгi таңда мал шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтарының бәрi еттi қой түрлерiн өсiрумен айналысып кеткен. Ал, сала мамандары көзін тапса, қаракөл шаруашылығынан келер табыстың көл-көсiр болатынын айтады.

Осы бағыттағы жұмысты жандандырған теріскейліктер қаракөл мал шаруашылығын дамыту жөніндегі жұмыс өз нәтижесін бере бастады. Бүгінде Созақ ауданында екі бірдей шаруашылық Құмкент» және «Қара құр» өндірістік кооперативі қаракөл қойын өсірумен айналысады. Тамыз айында «Қара құр» өндірістік кооперативінің Біріккен Араб Әмірліктеріне экспортқа тиімді бағада сатты. «Қара құр» өндірістік кооперативінің басшысы Ж. Садырханұлы «Араб Әміріліктерінен мамандар келіп, 1238 бас еркек қаракөл тоқтыларын алды. Жыл соңына дейін тағы экспортқа шығаруды жоспарлап отырмыз. Әрине, шетелдіктердің қой алуда өз талаптары бар, біз сол үдеден шықтық» – дейді.

Аудан әкімі М. Исаев жуырда ғана кәсіпкерлермен кездесу барысында мал етін өндіруші агроқұрылым басшыларына шетелге мал етін экспортқа шығаруға зор мүмкіндік туып турғанын айтып, осы бағыттағы жұмысты жандандыруға шақырды.


ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus