Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Қазақстанда егістік алқаптарының жағдайы қалыпты

Қазақстанда егістік алқаптарының жағдайы қалыпты

2014 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының алқаптары 21,8 млн. гектарды алып жатыр, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 314,7 мың гектарға немесе 1,4%-ға артық. Егістіктің 15,6 млн. гектары дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар, соның ішінде 12,8 млн. гектарына бидай егілген, бұл былтырғы жылғы көрсеткіштерден 241,8 мың гектарға (1,9%) кем.
А.ж. 7 тамыздағы жағдай бойынша дәнді дақылдар егістерінің 49,3%-ы (7,5 млн. гектар) жақсы, 44,8%-ы (6,8 млн. гектар) қанағаттанарлық, 5,0%-ы (0,8 млн. гектар) нашар күйде,
0,8% (0,1 млн. гектар) жойылды. 2013 жылы осы күнге 64,8% жақсы, 30,8% қанағаттанарлық,
4,1% нашар күйде болды, 0,3% жойылды.
А.ж. 7 тамыздағы жағдай бойынша масақ шығу – гүлдену фазасында 7,9 млн. гектар немесе жалпы егілген алқаптан 52,0% (2013 жылы осы күнге 8,2 млн. гектар немесе 51,9% болған),
пісу фазасында 7,2 млн. гектар немесе 47,2% (2013 жылы 7,2 млн. гектар немесе 46,5%).
Ағымдағы жылы егін жинау науқанына шамамен 45,0 мың бірлік астық жинау комбайны, 156,2 мың бірлік трактор, 15,0 мың бірлік дестелегіш, 46,8 мың бірлік жүк автомобилі тартылады.
Ү.ж. 1 тамыздағы жағдай бойынша астық жинау комбайндарының дайындығы 94% құрады, дестелегіштер – 94%, кептіргіштер – 95%, механикаландырылған токтар – 96%.
Облыстармен жоспарлаған алқаптарда күзгі дала жұмыстарын өткізуге республиканың АШТӨ дизель отынына қажеттілігі шамамен 410 мың тоннаны құрайды. ҚР Мұнай және газ министрлігі Ауылшарминімен келісілген Облыстарға МӨЗ бекітіп беру кестесін бекітті.
А.ж. күзгі дала жұмыстарын өткізуге АШТӨ үшін арзандатылған дизель отынының бағасы тоннасына 114 458 теңге (шамамен литрі үшін 95 теңге) деңгейінде бекітілді. Операторлардың шығындарын ескере отырып, АШТӨ үшін дизель отынының орташа бағасы өңірлерде шамамен 108 теңге/литр (ЖҚС-да – 115 теңге/литр) құрайды.
А.ж. 6 тамыздағы жағдай бойынша жеткізушілер АШТӨ үшін шамамен 76,6 мың тонна арзандатылған дизель отынын жөнелтті. Бұл жоспарланған шілде-тамыз айларына күзгі дала жұмыстарын жүргізудің 31% құрайды.
Бүгінгі күні Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында 654,8 мың гектар егістік жиналды, 11,6 ц/га өнімділігімен 759,0 мың тонна астық бастырылды, бұл былтырғы жылғы деңгейден 4,9 ц/га-ға төмен. Жамбыл облысында (8,1 ц/га) дәнді дақылдардың өсіп-өну кезеңіндегі ауа-райының құрғақшылық жағдайларына байланысты өнімділіктің төмен дейгейі белгіленді.
Қазіргі уақытта республикада жалпы сақтау сыйымдылығы 13,8 млн. тоннаны құрайтын лицензияланған 209 астық қабылдау кәсіпорны жұмыс істейді. Бұдан басқа, АШТӨ-де 11,1 млн. тонна астық сақтауға мүмкіндік беретін сыйымдылық бар. Осылайша, республика бойынша жалпы сақтау сыйымдылығы 24,9 млн. тонна құрайды.
102 АҚК (АҚК жалпы санынан 48,8%) тексерілді, олардың ішінде 59-ы дайын деп танылды, ал басқаларына карантиндік, зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерден зарарсыздандыру бойынша жұмыстар жүргізу қажеттілігі туралы ескертулер берілді, сондай-ақ жыл сайынғы аудиторлық тексерулер өткізілмеген.
Элеваторларда 505 бірлік дән кептіргіштер бар, соның ішінде Ақмола облысында – 139, Қостанай облысында – 136 және Солтүстік Қазақстан облысында – 154. 7 тамыздағы жағдай бойынша 482 дән кептіргіш (95,4%) әзірленді. Барлық дән кептіргіштердің тәуліктік өндіргіштігі 353 500 тонна құрайды.

ҚР АШМ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
+7 (7172) 55-57-65
E: minagripress@gmail.com
W:www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus