Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар «ЕСЖ» ТАУАР БИРЖАСЫ» АҚ ЖАНЫНДАҒЫ АСТЫҚ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТТІҢ 3-ШЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

«ЕСЖ» ТАУАР БИРЖАСЫ» АҚ ЖАНЫНДАҒЫ АСТЫҚ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТТІҢ 3-ШЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Астанада «ЕСЖ» тауар биржасы» АҚ жанындағы Астық жөніндегі комитеттің 3-шы отырысы өтті. Отырыс барысында «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ-ның 2012-2013 жылдары ашық биржа сауда- саттығын өткізудегі оңтайлы тәжірибесінің негізінде биржа саудасының механизмдерін және құралдарын одан әрі жетілдіру мәселелері талқыланды.

Мәселелердің бірі биржада «Екі қарсы жасырын аукцион» биржасын өткізуге қатысты болды. Бұл биржа саудасының анағұрлым жетілген СПОТ-режимі, бұл ретте қатысушылар бағаны көтеруге де, төмендетуге де саудаласа алады. Екі қарсы жасырын аукцион режимінде баға бойынша да, сондай-ақ жеткізу шарттары және басқа тармақтар бойынша да сатып алушы мен сатушының өтінімдері толық сәйкес келгенде ғана мәмілелер жасалады.

Сонымен қатар, сауда-саттық биржасында ҚР шекарасына DAP жеткізу шарттарында (астықты ҚР шекарасындағы орынға жеткізу) жасырын аукциондар режимінде биржада сауда-саттық өткізу мүмкіндігі туралы мәселе талқыланды.

Анықтама үшін
«ЕСЖ» тауар биржасы» АҚ жанындағы Астық жөніндегі комитет «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ мен «ЕСЖ» тауар биржасы» АҚ бастамасы бойынша 2012 жылы желтоқсанда құрылды. Комитеттің мақсаты астықтың биржа нарығының одан әрі дамуына қажетті жағдайларды қалыптастыруға, сондай-ақ Қазақстанның астық нарығының айқындығы мен ашықтығын қамтамасыз етуге көмек көрсету.
Комитеттің құрамы келесілерді қамтиды:
1. «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ;
2. «Атамекен» одағы» ҚҰЭП;
3. «Қазақстан астық одағы» ЗТБ;
4. «Сарапшы аграрлық компания» ЖШС;
5. «Қазақстан астық өңдеушілер» одағы« ЗТБ;
6. «Қазақстан фермерлер одағы» РҚБ;
7. «Қазақстанның биржа қауымдастығы» ЗТБ;
8. Астық нарығының трейдерлері мен қатысушылары.

«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ
+7 (7172) 59 12 69
http://www.fcc.kz/ru/article/2043

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus