Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар Жер нормасына қатысты заң жобасын жетілдіру жұмысы жалғасуда

Жер нормасына қатысты заң жобасын жетілдіру жұмысы жалғасуда

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде жер реформасы бойынша құрылған республикалық комиссиясының құқықтық, экономикалық және ақпараттық-түсіндіру жұмыс тобының бірінші отырысы өтті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұрынырақ республикалық комиссияның екінші отырысында құқықтық, экономикалық, ақпараттық-түсіндіру және ашықтықты қамтамасыз ету бойынша төрт жұмыс тобын құру жөнінде шешім қабылданған болатын
Бұл жолғы жұмыс тобының негізгі мақсаты – жер нормаларының заңнамасына сәйкес ұсыныстарды қарау және жетілдіру болып отыр.

Халық арасында түсіндіру жұмысын кеңінен жүргізу мақсатында ағымдағы жылдың 14 мамырынан бастап Call-центр (1434) қызмет жасауда. Мұндай байланыс орталығы аймақтарда да құрылған.

Бүгінгі күнге дейін келіп түскен қоңыраулардың саны 1800 жетіп үлгерді. Оның ішінде жер телімдерін рәсімдеу, жалға алу, сату, сонымен қатар, 2016 жылдың 6 мамырында ҚР Президентімен бекітілген жарлығымен нормаларға моратории жүргізу мәселеріне қатысты қоңыраулар келіп түсті. «Барлық келіп түскен ұсыныстар тіркеуге алынып, комиссия мүшелерінің қарауына енгізілуде», делінген министрлік таратқан баспасөз ақпаратында.

Источник: https://baq.kz/kk/news/zher-maselesi/zher-normasina-katisti-zan-zhobasin-zhetildiru-zhumisi-zhalgasuda-85632

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus