Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар БАҚ үшін ақпарат

БАҚ үшін ақпарат

«Қазагромаркетинг» өткізген аукционның
нәтижелері бойынша 21,5 млн. теңгеге
әулиекөл тұқымының ірі қара малы сатылды

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Москалевка ауылында «Қазагромаркетингтің» ұйымдастыруымен өткен аукционның нәтижелері бойынша 21,5 млн. теңгеге әулиекөл тұқымының ірі қара малы сатылды.
Алғашқы жыл сайынғы асыл тұқымды әулиекөл ірі қара малын сатуға арналған аукцион еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған мал шаруашылығымен айналысушы кәсіпкерлердің басын қосты. Жалпы, аукцион барысында сатылымға 2012 жылғы 20 қашар мен 30 бас бұқа (10 бұқа 2011 жылғы, 20 бұқа 2012 жылғы) қойылды. Нәтижесінде, төрт бұқа аукцион үшін рекордтық баға – әрбіреуі 1 млн. теңгеден астам сомаға сатылды.
2011 жылғы бұқалар аукционға қатысушылар арасында қызу талас тудырды: «Қаркен» ЖШС әрбіреуі 1 050 000 теңгеге бағаланған 2 бұқа сатып алса, «Агрофирма Диевское» ЖШС біреуі 1 млн. теңгеге бағаланған, ал қалған екеуі 700 000 теңгеден тұратын 3 бұқаны иеленіп, «Мыңғой-агро» шаруа қожалығы 1 млн. теңге тұратын 1 бас бұқа мен құны 700 000 және 600 000 теңгеге дейін шарықтаған тағы екі бұқаны сатып алды.
Елімізде асыл тұқымды мал аукциондарын өткізу тәжірибесімен танысып қайту үшін іс-шараға «Север-Агро Н» ЖШС делегациясының құрамында шетелдіктер – Австралиядан келген қонақтар қатысты. Отандық шаруашылықтардың асыл тұқымды малды сатып алуға деген қызығушылығын жоғары бағалаған қонақтар өздері де елімізде бұл іспеттес іс-шараны келесі жылы ұйымдастыруды ұйғарды.
Алғашқы жыл сайынғы асыл тұқымды әулиекөл ірі қара малын сатуға арналған аукционға қатысушылар бір ауыздан іс-шараның жоғары ұйымдастырушылық деңгейін атап өтті. Олардың ойынша, мұндай іс-шаралар еліміздегі мал шаруашылығы саласының дамуына айтарлықтай үлес қосады. Себебі аукциондар асыл тұқымды ірі қара малмен айналысудың тиімділігін көрсетіп, кәсіпкерлерді шаруашылықтарын дамытуға итермелейді. «Қазагромаркетинг» компаниясы өз кезегінде елімізде асыл тұқымды малдың аукциондар арқылы сатылу мәдениетін қалыптастыруды алда да жалғастырмақ. Жоспарда – басқа да тұқымдарға жататын етті ірі қара малды сатуға арналған аукциондарды жүйелі түрде өткізіп отыру.
Ал өткен аукционды қорытындылайтын болсақ, оның нәтижелері бойынша әулиекөл тұқымды 36 бас мал сатылды, оның ішінде:
– «Қаркен» ЖШС 9 бас;
– «Мыңғой-агро» ЖШС 5 бас;
– «Қорғау» ЖШС 8 бас;
– «Ақ-Ниет» ЖШС 1 бас;
– «Дәнекер ШҚ» ЖШС 3 бас;
– «Сайын» ШҚ 2 бас;
– «Жолдас» ЖШС 1 бас;
– «Агрофирма Диевское» ЖШС 7 бас мал сатып алды.

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus