Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстарын іске қосу ұсынылды

Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстарын іске қосу ұсынылды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметов Ақмола облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімовке Астана қаласының азық – түлік белдеуінде көкеністерді өндіру бойынша бірқатар ұсынымдар берді.

«Өздеріңіз көріп отырғандай, орамжапырақ, сәбіз және пияз сиякты өнімдер қала бойынша төмен дәрежеде қамтамасыз етілуде. Бұлар жылыжай салуды қамтамасыз ететін көкеністер түрлері емес, бұлар ашық топырақта өсірілетін көкеністер болып табылады. Бүгінде оларды біздер республикамыздың солтүстік және орталық аймақтарында өсіре аламыз», – деді ол.

Министрдің айтуынша, орамжапырақ, сәбіз және пияз өнімдерінің негізгі бөлігі осы аймақтарда ЖҚШ арқылы өндіріледі. Мысалға, Солтүстік Қазақстан облысында орамжапырақ – 91,2%, сәбіз -82,6% құрайды.

«Осындай көкеністер дайындау және өнімді өткізу мәселелері шешілмегендіктен нарыққа түспей отыр. Соныдықтан да, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстарын іске қосу ұсынылып отыр», – деп атап өтті А.Мырзахметов.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus