Сброс
[ A+ ] / [ A- ]

Су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормаларын келісу

Көрсетілетін қызметті  алушылар

     Жеке және заңды тұлғалар

Өтініштер қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдардың атаулары және (немесе) «электрондық үкіметтің» веб-порталын көрсету

  • Мемлекеттік қызметті Министрліктің Су ресурстары комитеті, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
  • «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы, www.elicense.kz

Көрсетілетін қызметтің құны

Ақысыз

Қызметті көрсету мерзімі

күнтізбелік 30 (отыз) күн

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

      1) көрсетілетін қызметті берушіге:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
тасымалдайтын желілердегі, су тұтыну нүктелерiндегi судың шығынын, ысырабын есепке алуды ұйымдастыруды және су объектілерінен су алу көлемдерiн қысқарту мүмкiндiгiн жыл сайынғы талдау жөніндегі деректер;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2, 3, 4, 5, 6 және 7-қосымшаларға сәйкес түрлі технологиялық процестер мен су тұтынудың үлестік нормаларына су шығынының жобалық нормативтері;
  2) порталға:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
тасымалдайтын желілердегі, суды тұтыну нүктелеріндегі, судың шығынын, ысырабын есепке алуды ұйымдастыруды және су объектілерінен су алу көлемдерін қысқарту мүмкіндігін жыл сайын талдау жөніндегі деректердің электрондық көшірмесі;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2, 3, 4, 5, 6 және 7-қосымшаларға сәйкес түрлі технологиялық процесстер мен су тұтынудың үлестік нормаларына су шығынының жобалық нормативтерінің электрондық көшірмесі.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі

су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормаларын келісу туралы хат

«Электрондық үкіметті» порталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу

http://egov.kz/

Актіні ресми түрде жариялау туралы ақпарат

«Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі
http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500011765#z112

Қызмет стандарты
Су қорын пайдалануды реттеу регламент
Су қорын пайдалануды реттеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдарың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларда электрондық түрде не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Шағымда:
1) жеке тұлғаның – тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), почталық мекенжайы көрсетіледі;
2) заңды тұлғаның – атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.
Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жолданады немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Шағымды портал арқылы беру кезінде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 нөмірі арқылы алуға болады.
Электрондық өтінішті портал арқылы жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» өтініш туралы ақпарат қол жетімді болады, бұл ақпарат көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus