Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Қолдау және қызметтер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бекітілген стандарттары Су ресурстары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Судың жай-күйiне әсер ететін кәсіпорындар мен басқа да құрылыстарды орналастыруды және пайдалануға беруді, сондай-ақ су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде құрылыс және басқа да жұмыстар жүргiзу шарттарын келісу

Судың жай-күйiне әсер ететін кәсіпорындар мен басқа да құрылыстарды орналастыруды және пайдалануға беруді, сондай-ақ су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде құрылыс және басқа да жұмыстар жүргiзу шарттарын келісу

Көрсетілетін қызметті  алушылар

     Жеке және заңды тұлғалар

Өтініштер қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдардың атаулары және (немесе) «электрондық үкіметтің» веб-порталын көрсету

  • Мемлекеттік қызметті Министрліктің Су ресурстары комитетінің су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялары, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
  • «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы, www.elicense.kz

Көрсетілетін қызметтің құны

Ақысыз

Қызметті көрсету мерзімі

10 (он) жұмыс күні

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

      1) көрсетілетін қызметті берушіге:
судың жай-күйіне әсер ететін кәсіпорындар мен құрылыстарды орналастыру және пайдалануға енгізуді келісу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
жер учаскесінің топографиялық түсірілімінің немесе жергілікті жерге байланыстырылған және су объектісі (бар болса) салынған масштабтағы ахуалдық схема көшірмесі;
су объектілерінде, су қорғау белдеулері мен аймақтарында құрылыс және басқа да жұмыстарды жүргізу талаптарын келісу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
өз сутартқышы болмаған жағдайда – техникалық талаптардың не сумен жабдықтау және су бұру шартының көшірмесі;
қалалық кәріз болмаған жағдайда – ағындыны шығару шартының көшірмесі;
ол орналасқан жер учаскесінің шегінде немесе осы объектіде жұмыстар жүргізген жағдайда, 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 145-1-бабының (бұдан әрі – Кодекс) талабына сәйкестікті анықтау мақсатында объектінің техникалық паспортының көшірмесі;
жер учаскесінің топографиялық түсірілімінің немесе жергілікті жерге байланыстырылған және су объектісі (бар болса) салынған масштабтағы ахуалдық схеманың көшірмесі не жер учаскесіне құқық белгілеуші құжаттардың бірінің:
сатып алу-сату шартының;
мұрагерлік құқығына куәлігінің;
жергілікті атқарушы орган шешімінің не қаулысының көшірмесі;
      2) порталға:
судың жай-күйіне әсер ететін кәсіпорындар мен басқа да құрылыстарды орналастыруды және пайдалануға енгізуді келісу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
жер учаскесінің топографиялық түсірілімінің немесе жергілікті жерге байланыстырылған және су объектісі (бар болса) салынған масштабтағы ахуалдық схеманың электрондық көшірмесі;
су объектілерінде, су қорғау белдеулері мен аймақтарында құрылыс және басқа да жұмыстарды жүргізу талаптарын келісу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
жер учаскесінің топографиялық түсірілімінің немесе жергілікті жерге байланыстырылған және су объектісі (бар болса) салынған масштабтағы ахуалдық схеманың электрондық көшірмесі не жер учаскесіне құқық белгілеуші құжаттардың бірінің:
сатып алу-сату шартының;
мұрагерлік құқығына куәлігінің;
жергілікті атқарушы орган шешімінің не қаулысының электрондық көшірмесі;
өз сутартқышы болмаған жағдайда – техникалық талаптардың не сумен жабдықтау және су бұру шартының электрондық көшірмесі;
қалалық кәріз болмаған жағдайда – ағындыны шығару шартының электрондық көшірмесі.    

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі

судың жай-күйiне әсер ететін кәсіпорындар мен басқа да құрылыстарды орналастыруды және пайдалануға беруді, сондай-ақ су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде құрылыс және басқа да жұмыстар жүргiзу шарттарын келісу туралы хат

«Электрондық үкіметті» порталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу

http://egov.kz/

Актіні ресми түрде жариялау туралы ақпарат

  «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі
http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500011765#z41

Қызмет стандарты
Су қорын пайдалануды реттеу регламент
Су қорын пайдалануды реттеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus