Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Ақтөбе және Ақмола облыстарында киіктердің қырылу фактілері тіркелді

Ақтөбе және Ақмола облыстарында киіктердің қырылу фактілері тіркелді

235bffҚостанай облысында киіктердің жаппай қырылуына байланысты ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қызметкерлері киіктердің бүкіл мекен ететін аймақтарда мониторинг жүргізуде. Осылай, 17 мамырда «Ырғыз-Торғай» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында Бетпақдала таралымындағы 4 киіктің қырылуының алғашқы оқиғасы тіркелді. Соңғы деректер бойынша 2880 ұша көмілді. Киіктерді жинау және жою жұмыстарына 90 адаммен 30 техника бірлігі жұмылдырылды.
Бұдан басқа, 21 мамырда Ақмола облысының Жарқайын және Жақсы аудандарында 1000 аса киіктердің өлекселері табылды.
Қостанай облысының Амангелді ауданына қазірдің өзінде 40 мыңға жуық киік ұшасы көмілді, мөлшермен тағы 20 мың өлген жануарларды көму керек. Санақ ұшаларды көму кезінде жүргізіледі. Сондай-ақ, Жангелді ауданында алдын-ала ақпарат бойынша 25 мың дарақ киіктің өлгені тіркелді. Киіктердің жаппай қырылуы олар төлдейтін және осы жануарлардың тұрақты мекендеу орыны болып табылмайтын өңірде орын алып отырғанын атап өту керек. Киіктер қысты республиканың Оңтүстік аймақтарында өткізіп, көктемнің келуімен Солтүстікке қарай қоныс аударған. Жалпы алғанда Қостанай облысы бойынша киіктердің қырылу саны шамамен 80-85 мың дараққа жетуі мүмкін. Киіктерді жинау және жою жұмыстарына 534 адам мен 93 техника бірлігі тартылған.
Болған оқиға жайында облыстар әкімдіктеріне, ТЖ бойынша өңірлік қызметтерге, Бас прокуратураға, ҚР Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешенінде Экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетіне, ҚР БҒМ мамандандырылған ғылыми-зерттеу институттарына, ҚР АШМ Ветеринариялық бағалау және қадағалау комитетіне хабарланды.
Киіктер арасында аурудың неліктен орын алып жатқаны осы уақытқа дейін беймәлім. Бұдан бұрын ҚР Білім және ғылым министрлігі «Қазақстан Республикасының аумағында мекендейтін киіктер таралымында жұқпалы аурулардың таралуының эпизоотиялық мониторингі және алдын алу әдістерін әзірлеу» деген атаумен жалпы сомасы 332 млн. теңгені құрайтын 2012-2014 жылдарға арналған бағдарламаның тапсырыс берушісі болды. Бағдарламаны орындаушы болып ҚР БҒМ Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты айқындалды. Зерттеулер шеңберінде киіктер таралымындағы жұқпалы аурулардың эпизоотиялық мониторингісін жүргізу, сондай-ақ киіктер ауруларының диагностикасы мен профилактикасының заманауи экспресс-әдістерін әзірлеу көзделді. Киіктердің кенеттен және жаппай қырылып қалу себептері күні бүгінге дейін анықталған жоқ.
Қазіргі кезде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Қызыл кітапқа енгізілген жануарлардың жаппай қырылу себептерін анықтауға көмек көрсету үшін сарапшылар жіберу жөнінде Жабайы жануарлардың қоныс аударатын түрлерін сақтау жөніндегі хатшылыққа (Бонн Конвенциясы) ресми өтініш жасады. Бүгін Астанаға Ұлыбританиядан Корольдік Ветеринария колледжінің өкілі Ричард Кох келді. Сондай-ақ зерттеу жұмысына Франкфурт Зоологиялық қоғамының өкілі Штефан Цутар (Германия) тартылды.
Бұған қоса АШМ Жалпыресейлік ветеринариялық микробиология және вирусология ғылыми-зерттеу институтына хабарласып, жауап күтуде (Покров қ.).
Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталықтың сараптамасының нәтижесі бойынша Қостанай облысындағы Бетпақдала популяциясының киіктері патереллезден жаппай қырылғандығын көрсетті.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172)55-57-65
E:minagripress@gmail.com
: www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus