Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Өсімдік тектес өнімдерді заңсыз әкелу жағдайының алдын алды

Өсімдік тектес өнімдерді заңсыз әкелу жағдайының алдын алды


2018 жылдың желтоқсан айының 15-28 аралығында Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік-Қазақстан, Шығыс-Қазақстан, Алматы және Түркістан облыстық аумақтық инспекцияларының өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторларымен Ресей Федерациясынан, Өзбекстаннан және Қытайдан карантиндік фитосанитариялық қаупі жоғары карантинег жатқызылған өнімдердің заңсыз 99 жағдайда әкелінгені анықталды.
Карантиндік фитосанитариялық бақылау кезінде 1,8 тонна күнбағыс, 2- тонна – қара бидай, 20 тонна – бидай кебегі, 22,26 тонна рапс, 20 тонна – бидай, 69 куб.м. – пиломатериал, 50 дана – жаңа жылдық шырша Ресей Федерациясынан, 29,3 тонна – күнбағыс, 0,2 тонна – жемістер Қытайдан, 0,2 тонна – жержаңғақ Өзбекстаннан фитосанитариялық сертификатсыз тасымалданғаны анықталды.
Өсімдіктер карантині саласындағы заңнамалардың талаптарына сәйкес аталған өнімдер Қазақстан Республикасы аумағына тасымалдауға тиым салынған. Жүктер Ресей Федерациясына, Қытайға және Өзбекстанға кері қайтарылып, сонымен қатар кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Powered by WordPress | Designed by Tielabs
© Copyright 2012, All Rights Reserved