Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды жетілдіру

Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды жетілдіру


Бүгін Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығының Бірінші вице-министрі Қ. Айтуғанов өсімдік шаруашылығын сақтандыру мәселесін жетілдіруді жүзеге асыру жоспарын баяндады.
Қазақстанда 2004 жылы өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандырудың барлық шарттарын реттейтін тиісті заң қабылданды.
Жүйенің ерекшелігі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне сақтандырушы төлеген сақтандыру төлемдерін субсидиялаудан тұратын мемлекеттік қолдау болып табылады.
Әрбір облыстың табиғи-климаттық жағдайлары ескерілмегендіктен жағдай басқаша орын алды. Мысалы, Батыс Қазақстан облысында егістік жердің 30% -ы жойылу қаупі бар, 67%- дан асатын дақылдар сақтандырылмаған. Қостанай облысында дақылдардың 95% сақтандырудың есебінен, жалпы егістіктердің 4% -ға дейін жойылу қаупі бар.
Ағымдағы жылы актуарлы есептеулерді жүргізу тарифтерді өзгерту қажеттілігін көрсетті. Сарапшылардың пікірінше, нақты тарифтер жергілікті бейімделген дақылдарды өсіруге және агротехнологияларға бейімделуге көшуге ықпал етеді. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге жүктеменің артуын болдырмау үшін шығын нормативтері 2009 жылдан бері қайта қаралмаған.Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер сақтандырудың орындылығын көрмейді, өйткені егістік жойылған жағдайда олар нақты шығындарына сай келмейтін төлемақы алады. Бұл жағдайда фермерлерге жүктемені көтеруді болдырмау үшін шығындардың стандарты 3 жылдан асады.
Жүйедегі шешімін таппай тұрған өзекті мәселе өзара сақтандыру қоғамдары қызметінің айқын реттелмеуі. Өзара сақтандыру туралы заң сақтандыру сыйлықақылары мен төлемдерін есептеудің мөлшері мен тәртібін, олардың толық аяқталуына дейін дербес белгілеуге мүмкіндік береді.Теңсіз жағдайлар сақтандыру компанияларының өсімдік шаруашылығындағы сақтандыру нарығынан шығарылуына алып келеді – бүгінгі күні олардың саны 8-ден 2-ге дейін азайды.
Сонымен қатар, жүйеде әкімшілік кемшіліктер бар. Бағалаудың заманауи әдістерін білмейтін комиссия дәнді – дақылдардың жоғалу фактісін бекітеді.
Бұл жүйенің жетілмегендігі салдарынан болғанын айтқан Бірінші вице-министр жүйені түбегейлі реформалау қажет екендігін, оны екі жолмен жүзеге асыру ұсынылатынын айтты.
Біріншіден, өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру жүйесін электрондық форматқа аудару. Жүйе электронды дерекқорлармен біріктіріледі, бұл сақтандыру қатысушылары енгізген кез-келген ақпаратты анықтауға мүмкіндік береді.
Екіншіден, өзара сақтандыру қорымен мәселені шешу. ӨЗҚ үшін сақтандыру сыйлықақыларын азайту немесе оларды төлеуді тоқтату мүмкіндігін болдырмау ұсынылады.Сонымен қатар, ұсынылған электрондық жүйе заңнаманы бұзуға жол бермейді.
Жүйе қазірдің өзінде құрылған және бюджет шығындарын талап етпейді. Жүйенің жұмыс істеуі сақтандыру компаниялары мен ӨЗҚ жарналары есебінен қамтамасыз етіледі, олар 1 гектар сақтандырылған алқапқа 2 теңгеден төлейтін болады. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін бұл жүйе тегін болады.
Бұл жобаны іске асыру аграрлық секторды цифрландыру шеңберінде ауыл шаруашылығы мәдениетін енгізуге мүмкіндік береді.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Powered by WordPress | Designed by Tielabs
© Copyright 2012, All Rights Reserved