Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Жайық өзенін балықтандыруға Атырау қаласының оқушылары қатысуда

Жайық өзенін балықтандыруға Атырау қаласының оқушылары қатысуда

Астана қ.

Шамамен 3 млн. бекіре тұқымдас балық шабақтарын Атырау және Жайық-Атырау бекіре балық зауыттары өсіру тоғандарынан Жайық өзеніне жіберді.
Өскелең ұрпаққа табиғат пен қоршаған ортаға ұқыпты қарауды дәріптеу аясында Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауыты «Каспий бекіресінің болашағы сенің қолыңда» атты акция ұйымдастырды. Шара барысында Атырау қ. мектептерінің оқушылары Жайық өзеніне 10 мың. дана бекіре тұқымдас балықтардың шабақтарын жіберді.
ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің өсімін молайту кешеніндегі кәсіпорындарымен «Балық ресурстарның және басқа да су жануарларын сақтау және өсімін молайту» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде жылсайын балық шаруашылығы су қоймаларын балықтандырады.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 7172 555 765
minagripress@gmail.com
www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus