Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар ШҚО-ның тұрақтандыру қоры толықтай қажет өніммен қамтылды

ШҚО-ның тұрақтандыру қоры толықтай қажет өніммен қамтылды

Облыстық тұрақтандыру қорына 220 млн теңгені құрайтын 5700 көкөніс өнімі сатып алынды. ШҚО Қоғамдық кеңесі тауарды сату барысына бақылау жүргізетін болады.

Облыстық әкімдік отырысында облыстық тұрақтандыру қорының азық-түлікпен қамтылуы және алдағы уақытқа дайындығы қаралды. Аймақ басшысы Даниал Ахметов тұрақтандыру қорының жұмысы жайлы есепті тыңдай келе, облыстық Қоғамдық кеңесті тауарды сату барысына бақылау жүргізуге шақырды.

Биыл өскемендіктер үшін 1200 тонна картоп, 600 тонна орамжапырақ, 220 тонна сәбіз, 80 тонна қызылша және 400 тонна пияз сатып алынды. Барлығы 2500 тонна өнім сатып алынып, барлығы «Агрофирма «Приречное» ЖШС-де сақталатын болады.

Семей қаласының тұрғындары үшін 3200 тонна өнім сатып алынды. Олардың ішінде 1000 тонна картоп, 850 орамжапырақ, сәбіз 600 тонна, қызылша 150 тонна және 600 тонна пияз.

Әкімдік отырысында Өскемен мен Семей қалаларында тұрақтандыру қорының өнімін әлеуметтік бағамен сататын қосымша дүңгіршіктер орнатылатыны мәлім болды.

Айта кетсек, тұрақтандыру қорының өнімі 2016 жылдың қарашасынан 2017 жылдың мамыр айына дейін сатылымда болады. Өскемен мен Семей қалаларында арнайы әлеуметтік сауда нүктелерінде баға тиімді болмақ.

Дерек көзі: http://www.akimvko.gov.kz/kz/news.html?id=54384


ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus