Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Бейне «ҚазАгроның» пилоттық жобасы сәтті жүзеге

«ҚазАгроның» пилоттық жобасы сәтті жүзеге

«ҚазАгро» Ұлттық холдингінің шаруаларды біріктіру туралы пилоттық жобасы сәтті жүзеге асты. Бұл туралы жобаға қатысушы шаруашылық иелері жылды қорытындылау жиынында мәлімдеді. Үш облыста кәсіпкерлерді қолдау үшін банк 2,6 миллиард теңге қаржы бөлді. Несиені уақытында төлеуді кооператив мүшелері өз жауапкершілігіне алған болатын. Нәтижесінде банкке қаржының 98%-ы уақытында қайтарылды. Ескірген техника, қаржының қолбайлауы. Шаруалар айлап, кейде жылдап жүріп банктен несие алуға қауқарсыз еді. Өйткені ешбір қаржы ұйымы кәсіпкерлерге кепілсіз несие бермейтін. Талғат Мусин, «Новорыбинка и К» ЖШС басшысы: – Алдынғы жылы кредит алу мерзімі ұзаққа созылып кетті. Басқа фининституттармен жұмыс істегенбіз. Биыл холдингтің құрамына кіргеннен кейін кредит алу уақыты аз болды. Айналасы жарты айдың ішінде біз өзімізге керекті 84 млн несиені қолымызға алып үлгердік. Астық өндірушілерді біріктіруге бағытталған «ҚазАгроның» ұсынысы тиімді екенін уақыт дәлелдеп берді. Ұлттық холдинг екінші деңгейлі банктер арқылы бірлестіктерді кепілсіз қаржыландырудың жаңа үлгісін дайындады. Холдинг бастамасы 113 шағын және орта шаруашылықтан қолдау тапты. Бауыржан Қасенов, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ төрағасының кеңесшісі: – Неліктен пилотты жоба? Өйткені біз оның сәтті жүзеге асатынына сенімді болмадық. Себебі қандай банк кепілсіз несие беруге келіседі? Өткен жылы көктемгі егістік жұмыстарын қаржыландыруға 4 банк қатысты. Тек солардың біреуі «Астана» банкі шаруалар кооперативке біріккенде ғана кепілсіз несие беруге келісті. Бүгінде Ақмоладағы кооператив құрамында 52 шаруа бар. Олар 360 мың гектарға егін егеді. Алдағы уақытта «Өңірлік Астық Холдингі» шаруалар санын 100-ге дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Авторлары: Әсел Тұмашқызы, Наурыз Базаров.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus