Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Қазақстанның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен 12,9 млн. тонна астық бастырылды

Қазақстанның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен 12,9 млн. тонна астық бастырылды

Қазіргі уақытта республиканың сегіз облысында жаңа егін жинау жүруде. Ағымдағы жылғы 29 қыркүйектегі жағдай бойынша ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерімен 11,1 млн га жинап, 12,9 млн. тонна астық бастырылды. Орташа өнімділік гектарына 11,6 центнерді құрап отыр, бұл өткен жылғы деңгейге қарағанда бір ц/га төмен. Дәнді дақылдардың өсіп-өну кезеңіндегі қуан ауа-райы жағдайларына байланысты ең төмен өнімділік Ақтөбе (4,8 ц/га), Батыс Қазақстан (8,2 ц/га) және Жамбыл (8,6 ц/га) облыстарында белгіленді.
Бүгінгі күні республикада жалпы 14,1 млн. тоннаға жуық сақтау сыйымдылықтарын құрайтын 214 АҚК жұмыс істейді. Бұдан басқа, АШТӨ-де 11,6 млн. тонна астықты сақтауға мүмкіндік беретін сақтау сыйымдылықтары бар. Осылайша, астық сақтауға арналған сыйымдылықтардың жалпы көлемі 25,7 млн. тонна құрайды.
2014 жылғы 26 қыркүйектегі жағдай бойынша АҚК зерттеу кестесіне сәйкес АҚК материалдық-техникалық базасының жаңа егін өнімін қабылдауға дайындығын қабылдау жөніндегі комиссиясы 195 АҚК (АҚК жалпы санынан 91,1%) зерттеді, солардың ішінде 187 АҚК дайын деп танылды.
23 қыркүйектегі жағдай бойынша АҚК-ға сақтауға 1,7 млн. тонна астық келіп түсті. Сақтауға келіп түскен 1,5 млн. тонна астықтың ішінде сапасы бойынша 1-2-3 сыныптарға 1,3 млн тоннасы немесе 91,3%-ы, 4-5-сыныптарға – 75,6 мың тонна немесе 5%-ы сәйкес келеді, 55,1 мың тонна немесе 3,7%-ы сыныпсыз болып табылады.
Жалпы алғанда ағымдағы жылғы егін жинау жұмыстарына техниканың дайындығы шамамен 98 % құрайды. 2014 жылы егін жинау науқанына 45 мың бірлікке жуық астық жинау комбайны, 156,4 мың бірлік трактор, 15,0 мың бірлік дестелегіш, 46,8 мың бірлік жүк автомобилі қатысады. Ағымдағы жылғы 15 қыркүйектегі жағдай бойынша астық жинау комбайндарының дайындығы 99% (2013 жылы – 99%), дестелегіштер – 99% (98%), дән кептіргіштер – 100% (96%), механикаландырылған токтар – 99% (98%) құрайды.
Қазіргі уақытта АШТӨ-де 14 мың бірліктен астам жоғары өндіргішті астық жинау комбайндары бар, олармен дәнді дақылдар алқабының жартысынан астамын жинау көзделуде.
Күзгі дала жұмыстарын өткізу үшін дизель отынына республиканың АШТӨ-нің қажеттілігі 410 мың тоннаға жуық құрайды. ҚР Мұнай және газ министрлігі Ауылшарминімен келісілген Облыстарға МӨЗ бекітіп беру кестесін бекітті. Арзандатылған дизель отынына өткізу бағасы тоннасына 114 458 теңге (шамамен литрі үшін 95 теңге) деңгейінде бекітілді. Операторлардың шығындарын ескере отырып, АШТӨ үшін дизель отынының орташа бағасы өңірлерде шамамен литры 108 теңгені (ЖҚС-да – 115 теңге/литр) құрайды.
2014 жылғы 29 қыркүйектегі жағдай бойынша жеткізушілер АШТӨ үшін 354,6 мың тоннаға жуық арзандатылған дизель отынын немесе күзгі дала жұмыстарына жоспарланғаннан 86%-ын тиеп жөнелтті.
Облыс әкімдіктерінің деректері бойынша 2014 жылғы өнім астығын кептіруді өткізуге дизель отынына АҚК және АШТӨ қажеттілігі 53,5 мың тоннаны (қазан – қарашаға) құрайды.
АҚК мен АШТӨ үшін 53,5 мың тонна дизель отынын орташа нарықтық бағамен жеткізу үшін облыстарды МӨЗ-ны бекіту кестесі Ауылшарминімен келісілген және Энергетика министрлігінде бекітілуде.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 55-57-65
E: minagripress@gmail.com
W: www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus