Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Сексеуіл сатқандар анықталды

Сексеуіл сатқандар анықталды

2016 жылғы 19-25 шілде аралығында Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының аумақтық инспекциялары құқықтық қорғау органдармен бірлесіп, сексеуіл сату заңдылығының себептеріне базарлар мен сауда нүктелеріне рейдтік іс-шаралар жүргізді.

Рейдтік тексеру нәтижесінде Жамбыл облысында Тараз қаласының базарларында сексеуіл отындарын сату нүктелері айқындалған жоқ. Алайда, «Гелиос», «Синойл» және «Газпромнефть» көлікжанармай құю станцияларда Алматы облысының Баканас ауданында жасалған салмағы 5 кг қағаз қорапқа оралған сексеуіл отындарын сату жүргізіліп жатыр.

Жалпы облыс бойынша 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында көлемі 109,3 м3 заңсыз сексеуіл шабудың 66 оқиғасы тіркелді. Жалпы залал 1 229,1 мың.теңгені құрады.

Қызылорда облысында сауда үйлері мен мотор майларын сататын дүкендерде сексеуіл сатудың фактілері бар. 2016 жылдың ішінде барлығы облыс бойынша жалпы залалы 319,3 мың теңге болатын көлемі 30,11 м3 заңсыз сексеуіл кесудің 23 оқиғасы тіркелген.

Оңтүстік Қазақстан облысында аудандық орталықтары мен Шымкент және Түркістан қалаларының базарларында рейдтер жүргізілді. Қаптарға оралған сексеуілдерді сату бойынша барлығы 18 нүкте анықталды. Сондай-ақ дайын қораптарға оралған сексеуілдерді сату Алматы облысының Бақанас орман шаруашылығы мекемесінің көлікжанармай құю станцияларында да орын алған.

Оңтүстік Қазақстан облысында жылдың басынан бері жалпы залалы 335,3 мың теңге болатын көлемі 31,6 м3 сексеуіл кесудің 14 оқиғасы тіркелген.

Еске салсақ, сексеуіл екпелерін сақтау мақсатында Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2015 жылғы 13 тамыздағы бұйрығымен сексеуіл екпелеріндегі өтiмдi қоқыстарды жинаудан басқа, ағаш кесудің барлық түріне 2018 жылғы 31 желтоқсанға дейін тыйым салынған болатын.

Анықтама: ҚР ӘҚБК 389-бабы. Жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз иемдену, өткізу, алып өту, әкелу, әкету, сақтау (ұстау):
1. Жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз иемдену, өткізу, алып өту, әкелу, әкету, сақтау (ұстау) –
жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлері және олардың өнімдері тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus