Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Бүгін ҚР АШМ брифинг өтті

Бүгін ҚР АШМ брифинг өтті

2012 жылдың қыркүйегінде Солтүстік-Қазақстан облысының «Леонов» ШҚ және «Полтавское» ЖШС Австриядан 722 бас ірі қара мал әкелінді. Әкелінген мал ветеринарлық талаптарға сай карантинге алынды.
«Леонов» Ш/Қ карантин кезінде барлығы 10 бас мал іш тастаған, олардан алынған материалдар (3 іш тасталған ұрық) Сібір және Қиыр Шығыс экспериментальдық ветеринария институтына (Новосибирск қ., РФ) зерттеуге жіберілді. Зерттеулер вирустық диареяға оң жақта нәтиже берді.
Зертханалақ нәтижелердің негізінде, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Австрияның ветеринариялық қызметіне хабарландыру жіберді.
Австрияның ветеринариялық қызметімен келіссөз жүргізілгеннен кейін Англиядағы (Pirbright) ХЭБ Референттік зертханасына және «ВНИИЗЖ» ФГБУ Владимир қ. (Ресей) сынамалар қосымша жіберілген болатын. Pirbright зертханасының нәтижелері зерттелген сынамаларда вирустық диареяның антиденелері бар екендігін көрсетті, сонымен қатар ИФТ (ELISA) тәсілімен антиген анықталды. «ВНИИЗЖ» ФГБУ нәтижелері бойынша ІҚМ зерттелген қан сарысуының үлгілерінде ІҚМ жұқпалы ринатрахеитінің вирусына (54 зерттелгеннен 50 оң жақты), ІҚМ Шмалленбергтің вирусына (44 зерттелгеннен 15 оң жақты) антиденелер анықталды, сонымен қатар, ірі қара малдың вирустық диареясының зерттеулерінің нәтижелері антиденелердің бар екендігін көрсетті. Бұл нәтижелер вирустық диареяның және Шмалленберг (ША) ауруының вирусына жануарлардың организмінде реакцияның бар екендігін дәлелдейді.
Орнатылған диагнозға байланысты Австриядан әкелінген барлық малды төлімен бірге жою шешілді.

Анықтама:
Шмалленберг ауруы алғаш рет 2011 жылдың екінші жартыжылдығында Германияда анықталған. Бүгінгі күні бұл ауру ЕО көптеген елдерінде кең түрде таралып отыр, олардың ішінде Германия, Бельгия, Франция, Испания, Дания және Австрия бар. Жұқтырғыш жануарлар бизондар, ІҚМ және ҰМ. ІҚМ негізгі белгілері – сиырларда сүт өнімділігінің төмендеуі, дене қызуының көтерілуі, шамалы диарея, іш тастау және өлім-жітім. ҰМ – қозының кемтарлығы, буындардың майысуы, туылғаннан кейінгі кезеңде өлімге ұшырау. Вирустардың негізгі таратушылары Culicoides шіркейлері болып табылатыны анықталған, олар Нидерландияда қыс кезеңінде (09.2011 – 02.2012), ұйқылы уақыт мүмкіндігі жағдайында. Вирустың жұғу жолдары және резервуарлары әлі зерттелу сатысында тұр.
Бүгінгі күні ША вирусын ғылыми және зертханалық зерттеулерімен Еуропа одағы (Фридрих Леффлер институты, Германия) және Ресей (ФГБУ ВНИИЗЖ, Владимир) айналысуда. Осы аурумен күресу шаралары жеткіліксіз зерттелген және алдын алу тәсілдері және емдеу заттары белгісіз, ғылыми зерттеулер жалғасуда.
ША бірқатар елдерде тіркелуіне байланысты, 2012 жылғы 30 қарашасынан бастап, ЕО елдерінен тірі жануарлар мен тұқымдық материалды әкелуге шектеу енгізілген.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
Тел.: +7 (7172) 555-765

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus