Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар АШМ-де Қоғамдық кеңестің бірінші отырысы өтті

АШМ-де Қоғамдық кеңестің бірінші отырысы өтті

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

29.02.16 ж.                                                                                                                                        Астана қ.

Мемлекет басшының «Бес институционалдық реформасы бойынша 100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында берген тапсырмаларын іске асыру шеңберінде құрылған ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қоғамдық кеңесінің бірінші отырысы өтті.

Қоғамдық кеңестің құрамына танымал қоғам қайраткерлері, ғалымдар және азаматтық сектор өкілдері енді.

Кеңес отырысының алғашқы жиынында  ашық дауыспен төраға, хатшы, Қоғамдық кеңес президиумының құрамы және Қоғамдық кеңестің салалық комиссиясы құрылды.

Сондай-ақ, жиын барысында Кеңеспен бірқатар ұйымдастыру сұрақтары қарастырылды, атап айтқанда: Қоғамдық кеңестің ережесін бекіту, нормативтік-құқықтық актілер жобаларын сараптау тәртібінің ережесі.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus