Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Сауд Арабия патшалығының қоршаған орта, су ресурстары және ауыл шаруашылығы Министрлігі сарапшыларының Қазақстанға сапары

Сауд Арабия патшалығының қоршаған орта, су ресурстары және ауыл шаруашылығы Министрлігі сарапшыларының Қазақстанға сапары

2017 жылдың 3 шілдесінде Қазақстан Республикасына Сауд Арабия патшалығының қоршаған орта, су ресурстары және ауыл шаруашылығы Министрлігінің сарапшылары іс-сапармен келген болатын.

Қазақстаннан Сауд Арабиясына жануарлар мен мал шаруашылығы өнімдерін жеткізу үшін олардың тарапынан қолданыстағы шектеулердің алуының мүмкіндігі мақсатында еліміздегі ветеринарлық қызметтің жүйесімен және мал шаруашылығы өнімдерін өндіретін кәсіпорындарының жұмысымен таныспақ. Сарапшылардың Іс-сапары осы жылдың 8 шілдесіне дейін жалғасады.

Осы іс-шара Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, «Продкорпорация» ҰК» Экспорттық орталығы АҚ және Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттаушылардың ассоциацияссымен бірге, Біріккен Ұлттар Ұйымының даму бағдарламасының (БҰҰДБ) қолдауымен ынтымақтастық шаралары бойынша сыртқы нарықтарға қазақстандық органикалық экспортқа бағдарланған өнімдерді жылжыту мақсатныда ұйымдастырылған.

Сонымен қатар, сауд сарапшыларының іс-сапар бағдарламасы бойынша Алматы қаласында және Алматы облысында орналасқан өндірістік объектілерге және Қазақстандағы ветеринариялық қызметінің инфрақұрылымы объектілеріне сапарлары күтілуде

Сауд Арабия патшалығының қоршаған орта, су ресурстары және ауыл шаруашылығы Министрлігінің сарапшыларының келуі Қазақстанға өте тиімді әрі стартегиялық маңызды, себебі оның нәтижелері қазақстандық экспорттаушыларға Сауд Арабиясы нарығына шығуға мүмкіндік береді, өз кезегінде, бұл басқа да Парсы шығанағы елдеріне экспорттық әлеуетін кеңейтуге жасауға мүмкіндік береді.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Яндекс.Метрика