Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар «Сапсан» жедел тобы

«Сапсан» жедел тобы


Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметіне ішкі бақылауды жүзеге асыру мақсатында «Сапсан» жедел тобы құрылды.
Бұл топ тікелей Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министріне бағынады.
Жедел топтың негізгі міндеттері – жануарлар дүниесін, орман шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру және қажет болған жағдайда осы салалардағы лауазымды тұлғалардың құқық бұзушылықтарын анықтау және жолын кесу болып табылады.
«Сапсан» жедел тобы Ақмола облысының аумағындағы коммуналдық мемлекеттік мекемелерге тексеру жұмыстарын жүргізді.
Кеңес, Красноборское және Отрадненское коммуналдық мемлекеттік мекемелеріне тексеру жұмыстарын жүргізді.
Аталған мекемелерге тексеру жүргізілу барысында екі мекемеде жалпы көлемі 56,96 м3 заңсыз ағаш кесіп орман шаруашылығына 861 262,88 теңге көлемінде зиян келтірілгені анықталды.


Кесілген учаскелерді тексеру кезінде орман ағаштарын дайындау кесу және тасымалдау тәртібін бұзу фактілері тілкеліп, орман шаруашылығына келтірілген зияны 11 3030,25 теңгені құрады.
Сонымен қатар, ағаштарды кесіп беруді бағалауда дақұқық бұзушылықтар анықталды.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
mcx.gov@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus