Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар «Сапсан» жедел тобы браконерлікпен айналысқан инспекторларды құрықтады

«Сапсан» жедел тобы браконерлікпен айналысқан инспекторларды құрықтады


«Сапсан» жедел тобының инспекторлары Ырғыз-Торғай қорығының аумағында жүргізген кезекті жедел-рейдтік шара кезінде екі УАЗ автокөлігін ұстады. Ұсталған көлікте қорықтың 7 инспекторы болған.
Автокөлікті тінту кезінде браконерліктің белгілері бар күдік тудыратын заттар: балта, ашық-сұр түсті жүн (ақбөкендікі болуы мүмкін), қоңыр түсті дақтары бар қап табылды.
Айналаны тексеру барысында ақбөкендердің өліктері, мүйізі, тегіс ұңғылы мылтық, 12 калибрдің оқтары (шолақ мылтық), пышақ және пышақ қыны табылды.
Табылған айғақ заттар тергеу амалдары үшін ішкі істер органдарына тапсырылды. Бүгінгі күні аталған факті бойынша қылмыстық іс ашылды.
«Сапсан» жедел тобы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау комитетінің аумақтық бөлімдері мен ведомоствалық ұйымдарына ішкі бақылауды жүзеге асыру үшін құрылған болатын.
Жедел топ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министріне тікелей бағынады.
Жедел топтың басты міндеттері – жануарлар дүниесін, орман шаруашылығын және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру, қажет болған жағдайда лауазымды тұлғалардың осы салаларда құқық бұзушылықтарын анықтау немесе жолын кесу болып табылады.



ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Яндекс.Метрика