Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Сальмонелла бәсеңдемей тұр

Сальмонелла бәсеңдемей тұр

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мал шаруашылығы өнімдерін әкелуге бірнеше импорттаушы елдерге уақытша шектеу қойды.

Заң бұзушылық анықталған өндірушілердің тізімін тұтынушыларға ақпарат ретінде ұсынамыз:
1. «Брянский бройлер» ЖШС, Ресей Федерациясы (бройлер балапанапың ұшасы) – колиформ бактериясы және жалпы бактериалды ластану.
2. «Инжавинская птицефабрика» АҚ, Ресей Федерациясы (тауық қанаттары, бройлер балапанапың ұшасы) – сальмонелла, колиформ бактериясы және жалпы бактериалды ластану.
3. «Приосколье» ЖАҚ, Ресей Федерациясы (тауық қанаттары, жамбас) – сальмонелла, колиформ бактериясы және жалпы бактериалды ластану.
4. «Чебаркульская птица» ЖШС, Ресей Федерациясы (бройлер балапанапың еті, тауық қанаттары) – сальмонелла, колиформ бактериясы.
5. «Царицыно» ААҚ, Ресей Федерациясы («Царицино» тауық шұжығы, «Чесночек» пісірілген шұжығы) шошқа етінің ДНК анықталды.

Аталған заңбұзушылықтарды жою мақсатында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі импорттаушы елдің бақылаушы органдарына тиісті сұраныс жіберді.

Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасының азаматтарын ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауға жататын қауіпсіз тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету бойынша кешенді жұмысты жалғастырады.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Powered by WordPress | Designed by Tielabs
© Copyright 2012, All Rights Reserved