Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Әйелдер кәсіпкерлігін жандандыру мақсатында Қор ауылда тұратын әйелдерді оқыту жобасын бастады

Әйелдер кәсіпкерлігін жандандыру мақсатында Қор ауылда тұратын әйелдерді оқыту жобасын бастады

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ 2013 жылғы қазан айынан «Ауыл жерлердегі әйелдер үшін шағын бизнес» атты жобаны жүзеге асыруға кірісті. Қордың стратегиялық міндеттерін орындау шеңберінде Қордың еншілес компаниясы – Шағын несие ұйымдарын қолдау орталығы – ауылды жерлерде әйелдер кәсіпкерлігін дамыту мақсатында Атырау мен Батыс Қазақстан облыстарының 20 ауданын қамтиды.

Бұл – әйелдердің бизнес-бастамаларын қолдау бойынша Қордың бірінші жобасы емес. 2011 жылы осындай бағдарламаны Қордың тапсырысы бойынша «Қазақстан іскер әйелдері одағы» Ассоциациясы жүзеге асырды.

Оқыту семинарларда кәсіби тренерлер қатысушыларға «Салам» және «Мурабаха» несие өнімдері бойынша ақпарат береді. Бұл – Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының Ислам даму банкімен жасалынған қарыз беру туралы келісімнің шеңберінде ұсынылатын бағдарламалар. Келісімде көрсетілген міндетті шарттарының бірі – Қорға ауылдық шағын несиелеуге берілетін соманың тең жартысы әйелдер жүзеге асыратын жобаларға жұмысалу керек. Жалпы, Ислам даму банкінен 2012-2014 жылдары 10 миллион доллар тартылмақ.

Жобада қамтылған аймақтарда 400 жуық әйелдердің қатысуы жоспарланған: орта есеппен, әр ауданда өтетін тренингке өз ісін бастаған және жұмыс істеп келе жатқан 18 кәсіпкерге дейін қатысады. Жақын болашақта бағдарлама 160 ауданға дейін кеңейеді деп күтілуде. Жобаның қорытындысы бойынша, Атырау және Орал қалаларында дөнгелек үстелдер өткізіледі.

  • Бағдарламаның енді басталғанына қарамастан, әйелдердің кәсіпкерлікке деген қызығушылықтары артып, олардың қаржылық сауаттылықтары мен елімізде шағын бизнесті дамыту мақсатында мемлекеттің жүзеге асырылып жатқан бағдарламалары туралы ақпараттандырылуы өсуде, – дейді орталықтың басшысы Светлана Жанайдарова.

Бүгінгі таңда «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ белсенді қарыз алушылардың 31 пайызы – әйелдер. Қордың даму стратегиясына сәйкес, 2014 жылға әйелдердің несие бағдарламаларға қатысуын 42% дейін көтеру жоспарланған.

Анықтама үшін: «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы – «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрамына кіретін мамандандырылған қаржы-несиелік ұйымы болып табылады. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің банктік қарыз операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар. Қордың негізгі міндеті – қаржылық қызметтер мен ресурстарға ауыл тұрғындарының қол жетімділігін арттыру.

http://kazagro.kz/kz/news/1453-2013-10-24-12-17-01

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus