Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар 23 шілдеден бастап электронды астық қолхаттарының жүйесі штатты режимде жұмыс жасайтын болады

23 шілдеден бастап электронды астық қолхаттарының жүйесі штатты режимде жұмыс жасайтын болады

Астық қолхаттарының институты «Астық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2002 жылдың тамызынан бастап енгізілген болатын.
Астық қолхатының «құнды қағаз» мәртебесі бар және астық иесінің астық қабылдау кәсіпорнына сақтауға тапсырылған астыққа мүліктік құқығын растайды. Сондай-ақ астық қолхаты банктен несие алған кезде кепілді қамтамасыз ете алатын болады. Бұл ретте астық қолхаты енгізілген сәтінен бастап қағаз түрінде айналымда болды.

Астық қолхаттарының айналымын құқықтық реттеуді жетілдіру мақсатында «Астық туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Заңмен негізгі енгізілген жаңалық астық қолхаттарын құжатсыз (электронды) нысанда шығаруға өту және ақпараттық жүйесін астық нарығының субъектілерімен жұмыста пайдалану болып табылады. Аталған жүйе астық қолхаттарының, оны  ұстаушылардың және астық қолхаттарымен жасалатын операциялардың есебін автоматтандыруға мүмкіндік береді.

Бұл деректердің айқындығын, осы саладағы әдейі жасалған бұзушылықтардың тәуекелдерін барынша азайтуды, бизнестің шығындарын төмендеуді қамтамасыз етуге, сондай-ақ алдағы уақытта астықпен электронды саудаға өту үшін алғы шарттарды жасауға мүмкіндік береді.
Шаруашылық субъектілерінің мүдделерін қорғау және ашықтығын көтеру бойынша қабылданған шаралар астық қолхатының сенімділігін және өтімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді. Астық нарығына қатысушылардың, оның ішінде екінші дәрежелі банктердің тарапынан астық қолхатына сенімділік қамтамасыз етілетін болады, бұл өз кезегінде астық саласына инвестицияларды тартуға оң әсерін тигізеді. 

Кәзіргі кезде Ауыл шаруашылығы министрлігі облыс әкімдіктерімен бірге тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасында бейне конференция, астық өсіретін аймақтарда өңірлік кеңестер, өңірлермен астық нарығы субъектілерінің қатысуымен бейне конференция түрінде селекторлық кеңестер өткізілді. Олардың барысында ақпараттық жүйедегі жұмыс бойынша нарыққа қатысушылардан түскен сұрақтар жете талқыланды.

Кәзіргі кезде электронды астық қолхаттарының жүйесі тестілік режимде болуда. Жергілікті атқарушы органдар электронды астық қолхаттарын енгізу жөніндегі шараларға апта сайын мониторинг жүргізуде. 

Астық қолхаттарының ақпараттық жүйесіндегі жұмыс бойынша іс жүзіндегі машықтарды алу үшін «Ақпараттық есептеу орталығы» акционерлік қоғамының аймақтық бөлімшелерінде астық қабылдау кәсіпорындарының қызметкерлерін, фермерлерді және жергілікті атқарушы органдарының мамандарын оқыту үшін арнайы жұмыс орындары ұйымдастырылған.

Анықтама ретінде: Заң 2016 жылғы 23 шілдеден бастап күшіне енеді. Көрсетілген датадан бастап астық қолхаттары тек электронды түрде шығарылуға, ал астық нарығының субъектілері астық қолхаттарының ақпараттық жүйесінде жұмыс істеуге міндетті болады.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus