Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар 2015 жылдан бастап сальмонеллез ауруы анықталған 98 тонна құс еті жойылды

2015 жылдан бастап сальмонеллез ауруы анықталған 98 тонна құс еті жойылды

Баспасөз хабарламасы

3.06.16 ж.                                                                                                                               Астана қ.

Астананың азық-түлік қауіпсізідігін қамтамасыз ету мақсатында ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ветеринарлық инспекторлары отандық және импортты сапасыз мал шаруашылығы өнімдерінің сауда саттық орындарына жол бермеу мақсатында кешенді шараларды атқаруда.

Қазақстан Республикасының мемлекеттіқ басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шараларына сай ветеринария саласындағы функциялардың барлығы жергілікті атқарушы органдардың қарамағына берілді. Жалпы Астана қаласы бойынша  14 ішкі сауда объектісі бар. 
Барлық ішкі сауда орындарында ветеринариялық мамандары бекітілген. Олар бақылауға жатқызылған жүктерге, мемлекеттік ветеринариялық бақылау жүргізіп, арнайы ветеринариялық ілеспе құжаттарын береді, жануарларды тексереді, шикізат өнімдерін және басқа да өнімдерді бақылайды. Барлық базарларда мал өнімдеріне сараптама жүргізетін арнайы лицензиясы бар ветеринарлық-санитарлық зертханалар қызмет етеді.

Жыл басынан бастап, тексеру қорытындысы бойынша ветеринарлық инспекторлармен 3 млн. теңге көлемінде 70 айыппұл салынды. Оның ішінде  ілеспе ветеринариялық құжаттары жоқ, шыққан орны көрсетілмеген және автокөлікпен тасымалдаған кезде ветеринариялық-санитариялық талаптарды сақтамау бұзушылықтары орын алған.

2015 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін лабораториялық зерттеулер негізінде сальманеллез ауруы анықталған 98 тонна құс еті тәркіленіп, жойылды. Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің инспекторлары «Нұрдаулет», «Алем», «Астаналық базары» сауда үйлерінен ветеринариялық құжатсыз 60 кг аса құс етін тәркіледі.  Польша және Германия елдерінен әкелінген  32 666,46 тонна  сиыр бауырынан Listeria monocytogenes және ішек таяқшаларының бактериялары анықталды.

Қазіргі таңда барлық ішкі сауда орындары арнайы интернет, компьютерлік техникасымен жабдықталған. Әр ішкі сауда орындарында инспекцияның сенім – телефон нөмірлері орнатылған: 32-77-12, 32 -75-01.

Анықтама:   
Қала көлемінде: 10- ветеринариялық клиникалар, 5- ветеринариялық дәріханалар, 45 – уақытша сақтау қоймасы (СВХ), 6 – кедендік уақытша сақтау қоймасы,  6 – мал сою пункттері, 14 – ішкі сауда объектілері, 13 – жеке зерханалар (ішкі сауда объектілерінде), 2 – мемлекеттік зертханалар (РВЗ, НРЦВ) қызмет етуде.

 

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+ 7 (7172) 55-57-65
E: minagripress@gmail.com  
W: www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus