Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар «Бекіре-2015» балық қорғау акциясы басталу сәтінде

«Бекіре-2015» балық қорғау акциясы басталу сәтінде

Пресс-релиз

         27.03.2015ж.                                                                                              Атырау қ.

«Бекіре-2015» балық қорғау акциясы басталу сәтінде

1 сәуір мен 31 мамыр аралығында Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында «Бекіре-2015» балық қорғау акциясы өткізіледі.  Жыл сайын бағалы балық түрлері уылдырық шашу маусымында құқық және табиғат қорғау органдары заңсыз балық аулауға, өткізуге, сатып алуға және оларды заңсыз тасмалдауға жол бермеу үшін бірлесіп жұмыс атқарады. Осыған байланысты балықтардың, соның ішінде бекіре тұқымдас түрлерінің уылдырық шашу орындарына кедергісіз жетуіне қолайлы жағдай туғызады.
«Бекіре-2015» балық қорғау шараларың тиімділігін арттыру үшін, ҚР АШМ, ҚР ІІМ, ҚР ҰҚК және мүдделі орталық мемлекеттік органдардың қолдауымен өткізіледі. Қазіргі таңда Ауыл шаруашылығы, Ішкі істер министрліктерінің, Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті төрағасының «Бекіре» балық қорғау акциясын өткізу туралы бірлескен бұйрығы қабылдау кезеніңде. Осы бұйрықпен балық қорғау акциясын өткізу барысында құқық қорғау және табиғатты қорғау органдарының өзара әрекеттесу бойынша Үйлестіру штабының құрамы, сондай-ақ бірлескен іс-қимыл Жоспары бекітіледі. Үйлестіру штабын басқару Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне жүктеледі.
Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы балық қорғау акциясын ұйымдастыру, өткізу және үйлестіру жөніндегі жұмыс органы болып белгіленеді. Атырау аумақтық инспекциясының инспекторлық құрамын күшейту мақсатында республиканың басқа аумақтық инспекцияларынан балық қорғау мемлекеттік инспекторлары тартылатын болады.
Акция шеңберінде браконьерлік фактілерінің басым айқындалатын жерлерінде стационарлық, жылжымалы бекеттер және қозғалмалы рейдтік топтар құрылады. Осы жылы негізгі күштерді Атырау облысының шегіндегі Каспий теңізінің жағалауы мен акваториясында және Жайық пен Қиғаш өзендерінің саға алды кеңістігінде жұмылдыру көзделген, себебі осы жерлерде жиірек браконьерлік фактілері тіркеледі. Сонымен қатар, қозғалмалы рейдтік топтар «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваттың аумағын бақылау үшін құрылатын болады.  
Бұдан басқа, кедендік бақылау бекеттерінде, әуежайларда, вокзалдарда және ірі тасжолдарда Қазақстан Республикасынан тысқары балық өнімдерін шығаруға бақылау жұмыстарын қарқындату көзделген. Бұдан басқа Астана, Алматы, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Орал қалаларында балық өнімдерін заңсыз сату орындарына мониторинг және ол туралы ақпарат жинақталатын болады.
Балық қорғау акциясының өткен жылдарғы нәтижелерінің негізінде, балық аулау маусымында заңсыз балық аулаушы топтардың қызметі ынталандырылғаны байқалады.
Балық қорғау акциясының нәтижесінде табиғат қорғау заңнамасын бұзғаны үшін 1048 хаттама  толтырылды, балықты заңсыз тасымалдау – 84, балықты заңсыз сату – 12.
Әкімшілік жауапкершілікке 834 адам тартылды, соның ішінде 144 қылмыстық іс қозғалды, оның ішінде 56 іс сот органдарына жолданды.  
Акция барысында табиғат қорғау заңнамасын бұзушыларға 10 млн 503 мың 976 теңге сомасында әкімшілік айыппұл салынып, олардан мемлекет бюджетіне 7 млн 693 мың 716 теңге өндірілді. 
Бұзушылардан 33 тонна 176 кг балық, оның ішінде 3080 кг бекіре тұқымдас балық пен 19,9 кг бекіре тұқымдас балық уылдырығы алынды. Сондай-ақ,  бұзушылардан балық және балық өнімдерінің басқа 186 бірлік жүзу құралы және 1207 бірлік аулау құралы алынды.
Көрсетілген мәліметтер – заңсыз балық аулауға бағытталған орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі, прокуратура, ішкі істер, транспорттық бақылау шекара қызметі органдарының үйлесімді бірлескен іс-әрекетерінің нәтижесі.

Прессслужба МСХ РК
+7 (7172) 55-57-65
E:minagripress@gmail.com
W:www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus