Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ басшылығы БАҚ өкілдерімен кездесті

«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ басшылығы БАҚ өкілдерімен кездесті

2013 жылғы 19 қазанда «ҚазАгро» холдингі» АҚ қолдауымен ұйымдастырылған «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ басшылығымен БАҚ өкілдерінің кездесуі өтті. 

Кездесу барысында журналистерді Корпорацияның ағымдағы қызметі және оның келешектегі дамуы туралы ақпаратпен дәлірек таныстырды.

Кездесу конструктивті сұхбат режимінде өтті. «Осындай кездесулер журналистерге Азық-түлік келісім шарт корпорациясының қызметі туралы анағұрлым толық әрі шынайы ақпаратты тікелей деректемеден алуға мүмкіндік береді. Өз кезегінде, біз үшін БАҚ өкілдерімен кездесу  – Корпорацияның жұртшылық алдында ашық болуға талпынысының дәлелі», – деп атап көрсетті  «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Оспанов.

 

«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ

8 (7172) 59 12 44

 http://fcc.kz/kz/article/3067

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus