Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Вы тут:  Главная Видео В ЮКО выделят земельные участки под отдых в национальных парках

В ЮКО выделят земельные участки под отдых в национальных парках

Оңтүстік Қазақстан облысында экотуризм дамитын болды. Сол үшін табиғаты әсем ұлттық парктер мен ерекше қорғалатын аймақтардан демалыс орындарын салуға жер бөлінеді. Яғни кәсіпкерлер жалға алған учаскелеріне туристік нысандар салады. «Сол арқылы демалушылар санын арттырып, инвестиция тартуға болады», — дейді мамандар. Осыған орай «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мен «Сырдария-Түркістан» мемлекеттік өңірлік табиғи парктерінің 5 жер учаскесі бизнес-қауымдастыққа таныстырылды. «Кейбір орындарда адам аяғы баспаған әсем жерлер бар», — дейді ұлттық парк өкілдері. Дастан Тәшкенбаев, «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі туризм және экологиялық ағарту бөлімінің бас маманы: — Бүгін ұлттық парк тарапынан үш лот ұсынылған. Біріншісі Қасқасу шатқалында орналасқан. Болашақта жоспарланып отырған Қасқасу шаңғы базасының жанында. Екіншісі – Машат шатқалында және Өгем шатқалындағы керемет Бақшелпек орман жерін ұсынып отырмыз. Шаруа Пірмат, кәсіпкер: — Осы жерлер халықтың демалатын, шетелдіктердің саяхаттайтын жері болуы керек. Осы екі бағытта жұмыс істеуге болады. Осы екеуі бірін-бірі толықтыруы қажет. Атқа мініп серуендеу, қайықпен қыдыру, салға мінгізуге болады.

Оставить комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

Система Orphus