Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Вы тут:  Главная Пресса об АПК ҚР Ауыл шаруашылық министрі Асылжан Мамбытбековпен сұхбат

ҚР Ауыл шаруашылық министрі Асылжан Мамбытбековпен сұхбат

ҚР Ауыл шаруашылық министрі Асылжан Мамбытбековпен сұхбат

Азық-түлік бағасының өсуіне көптеген факторлар әсер етеді, мәселен шикізат, газ, электр энергиясы, жанар-жағар май, сумен қамтамасыз ету және тағы басқалар. Аталған құрамдас бөліктердің бағасының өсуі Кедендік одақтың құрылуына байланысты емес және оның азық-түлік бағасының өсуіне әсері болмайды.

ҚР Ауыл шаруашылық министрі Асылжан Мамбытбековпен Оңтүстік өңірлерде егіс науқанының және солтүстік облыстарда дайындық жұмыстарның басталуына байланысты көктемгі тұқым себуді уақытылы және сапалы жүргізіу үшін барлық қажетті жағдаймен қамтамассыз ету жағдайында сұхбаттасқан едік.

Асылжан Мамытбеков мырза, көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысы туралы айтып өтсеңіз.

Бүгінде көктемгі дала жұмыстары оңтүстік, шығыс және батыс аймақтарында басталды. Ағымдағы жылдың 21 сәуір жағдайына жаздық дәнді дақылдар 251,4 мың. га (68 %), майлы дақылдар – 97,8 мың га (28 %), көкөніс-бақша дақылдары мен картоп – 74,6 мың га (33 %), көпжылдық шөптер – 79,9 мың га (58 %) жерге егілді.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармаларының алдын ала деректері бойынша 2014 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарың 21,8 млн. га алқапта орындаластыру жоспарлануда, бұл 2013 жылдың деңгейінен 313,0 мың га немесе 1,5% артық.

Дәнді дақылдар 15,9 млн. га алқапта, оның ішінде бидайдың алқабы 2013 жылдың деңгейінен 311,3 мың га (2,4%) азайтылып, 12,8 млн.га орнастырылады. Ал дәндік жүгерінің алқабы 7,2 мың га, жемдік дәнді, жарма және бұршақ дақылдарының алқабы биыл 303,5 мың га артады.

Майлы дақылдарды 2,0 млн. га алқапта орналастыру көзделіп отыр, бұл былтырғы жылғы деңгейден 35,8 мың га артық, қант қызылшасы – 11,5 мың га (6,6 мың га артық), мақта – 133,0 мың га (7,6 мың га кем), көкөніс бақша дақылдары – 220,7 мың га (5,2 мың га артық), картоп – 189,0 мың га (2,2 мың га артық), мал азықтық дақылдары – 3,4 млн. га (276,7 мың га артық).

Тұқым тапшылығы 16,9 мың тонна көлемінде күтілуде (Ақтобе облысында – 10,1 мың тонна, Батыс-Қазақстанда – 6,8 мың тонна), бұл облыстардың өз ресурстарының, сонымен қатар мемлекеттік тұқым ресурсының есебінен толықтырылатын болады.

АШТӨ тұқымды «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» АҚмен екінші деңгейдегі банкінің кепілдігімен тұқымдық қарыз түрінде немесе алдын ала төлемімен сату тәртібінде беріледі.

2014 жылдың көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін республикамыздың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің (бұдан әрі – АШТӨ) дизель отынына қажеттілігі егіс аудандарының болжамды құрылымы мен ауыл шаруашылық дақылдарын өсірудің технологиялық карталарына сәйкес анықталған және шамамен 360 мың тоннаны құрайды (былтырғы жылғы деңгейде).

Көктемгі дала жұмыстарына дизель отынын жеткізу бойынша облыстарды мұнай өндеу зауыттарына бекіту кестесі Мұнай және газ, Ауыл шаруашылығы министірліктерінің келісуімен бекітілді.

АШТӨ үшін көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге мұнай өңдеу зауыттарынан арзандатылған дизель отынының 1 тоннасының бағасы 98312 теңге болып бекітілді.

Операторлардың шығындарын ескергенде АШТӨ үшін дизель отынының бағасы аймақтарда литріне 95 теңгеден аспайды.

Мал шаруашылығын дамытыудың қандай тетіктері, нендей бастамалары бар?

Мал шаруашылығы өнімі өндірісінің көлемін, сапасын және бәсекелестігін арттыру, ауыл шаруашылығы малдардың саның, өнімділігін арттыру мақсатында ауыл шаруашылық тауар өндірушілерді колдау үшін мемлекет тарапынан бірнеше шаралар қарастырылып жатыр. Ол, асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдау мақсатында ірі қара малдың және қойдың асыл тұқымды және селекциялық жұмыстарын жүргізу, импорттық асыл тұқымды ІҚМ, асыл тұқымды төлді сатып алу және т.б. бағыттарды субсидиялау.

Мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыру мақсатында, бұқашықтарды бордақылау алаңдарына өткізу, сиыр, жылқы, қой, түйе, шошқа, бройлерлiк құс және күрке тауық еттерін, тауық жұмыртқасын, сүт, қымыз, шұбатты, биязы жүнді қойлардың жүнiн өндiру үшiн пайдаланылатын малдар мен құстарға арналған азықтың құнын арзандатуын субсидиялау қарастырылып отыр.

Сонымен қатар, «Агробизнес-2020» салалық бағдарламасы шеңберінде мал шаруашылығы саласындағы іске асырылып жатқан басымды бағыттар бойынша инвестициялық субсидия қарастырылады. Оның ішінде сүтті-тауарлы фермалар, құс фабрикалар, шошқа кешендері, отбасылық фермалардың құрылыс жұмыстарына, қажетті техника мен жабдықтардың сатып алуынада субсидия көзделіп отыр.

Бұған қоса, мал шаруашылығы саласында субсидиялаудың жаңа бағыттары да бар:

1) фермерлік қожалықтарды тұқымдық түрлендіруге ынталандыру мақсатында ағымдағы жылдан бастап ірі қара малдың аналық басына субсидия нормативін 18,0 мың теңгеге дейін артты;
2) отандық асыл тұқымды ірі қара мал басын сатып алуға 118,0 мың теңгеден 154,0 мың теңгеге дейін артты;
3) экспортқа бағытталған бордақылау алаңдарына бұқашықтарды 1 басқа 15,0 мың теңге субсидия нормативімен өткізу.

Мұнымен бірге, мемлекеттік қолдау бағдарламаларымен жеке қосалқы шаруашылықтарда генетиканы жақсарту көзделген.

Бүгінгі таңда, жеке қосалқы шаруашылықтарда мал басын сапа жағынан жақсарту мақсатында жалпы табындарда етті бағыттағы тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу субсидияланады. Мәселен, 1 басқа 104 мың теңге беріледі.

Ауыл шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобалардың ішіндегі атап өтуге тұрарлығы қайсы?

Ауыл шаруашылығы саласында іске асырылған және іске асырылып жатқан бірқатар инвестициялық жобалар бар. Оның ішінде:

Ақмола облысында:
— Шортанды ауданында орналасқан «Агрофирма Актык» АҚ-ның 12 000 тонналық астық қоймасы (2013 жылы іске қосылған);
— Целиноград ауданында орналасқан «Агрофирма Родина» ЖШС-нің 18 000 тонналық сүт зауыты (2012 жылы іске қосылды);

Ақтөбе облысында:
— Алға ауданында «Актеп» ЖШС-нің, 1500 бас ірі қара мал репродукторы (2012 жылы іске қосылды);

Алматы облысында:
— Қапшағай қаласында орналасқан «Грин Ленд Алатау» ЖШС-нің 5,1 га жерде орналасқан 3800 тонна көкөніс шығаратын жылыжай кешені (2012 жылы іске қосылды);
— Іле ауданындағы «Алатау Құс» ЖШС-нің 12 мың тонна құс етін шығаратын құс фабрикасы (2012 жылы іске қосылды);

Шығыс Қазақстан облысында:
— Ұлан ауданындағы «Өскемен құс фабрикасы» АҚ-ның 20 мың тонна ет шығаратын құс фабрикасы (2012 жылы іске қосылды);

Қарағанды облысында:
— Абай ауданындағы «Топар жылыжайлары» ЖШС-нің 8 га жерде орналасқан 4600 тонна көкөніс өнімдерін шығаратын жылыжай кешені (2014 жылы іске қосылады);

Қостанай облысында:
— Денисов ауданындағы «Сарыағаш» ЖШС-нің 1250 ірі қара малға арналған, 5900 тонна сүт өнімін шығаратын Сүт-тауарлы фермасы (2012 жылы іске қосылды);

Павлодар облысы:
— Успенкий ауданында «Галицкое» ЖШС-нің 500 ірі қара малға арналған, 1800 тонна сүт өнімін шығаратын Сүт-тауарлы фермасы (2010 жылы іске қосылды);

Солтүстік Қазақстан облысы:
— Қызылжар ауданындағы «Зенченко и К» КС-нің 188 мың тонна шығаратын сүт зауыты (2013 жылы іске қосылды);

Оңтүстік Қазақстан облысы:
— Ордабасы ауданында орналасқан «Ордабасы Құс» ЖШС-гі, 6528 тонна күркетауық етін өңдейді (2010 жылы іске қосылды).

Енді жаңа техникаларды қолданысқа енгізу жайында айтып өтсеңіз.

2013 жылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен 6182 бірлік техника сатып алынды, соның ішінде: тракторлар – 2205, астық комбайндары – 1146, егіс кешендері – 210, сепкіштер – 330, дестелегіштер – 317 және т.б.

Ағымдағы жылы егіс жұмыстарына 3,2 мың бірлік жоғары өнімді егіс кешендері қатысады, ол қысқа агротехникалық мерзімде дәнді дақылдардың егіс алқабының 60% себуге мүмкіншілік жасайды.

Ауыл шарушылығы тауарын өндірушілерге (АШТО) техниканы сатып алуын ынталандыру мақсатында «2013-2015 жылдарға арналған ауыл шаруашылығы техникасын лизингілік сыйақы мөлшерлемесін арзандату» атты жаңа бюджеттік бағдарламасы әзірленді.

Пайыздық шығындарды субсидиялау қаржылық лизингті 7 пайызға дейін төмендетуге бағытталған (14-тен 7 пайызға дейін). Бұл шара АШТӨ жаңа ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуға жағдай жасап, ауыл шаруашылығы машиналарының паркін қайта жарақтандыруға мүмкіндік береді.

Ал, енді әлемде азық-түлік тапшылығы, қауіпсіздігі мәселесі алдыңғы орынға шықты. Қазақстанға бұл мәселе қаншалықты қауіпті немес өзекті болып отыр. Отандық өніммен, өзімізді-өзіміз қанша пайыз қамтамасыз етіп отырмыз?

2013 жылдың қорытындысы көрсеткендей негізгі азық-түлік тауарлары бойынша отандық өндірістің жалпы тұтыну көлеміндегі үлесі 80 пайыздан артық. Осылайша, күріш, қызылша, бидай ұны, ас тұзы сияқты азық-түлік бойынша жалпы тұтынудағы отандық өндірістің үлесі 100 пайыздан артық.

Ірі қара мал, шошқа, қой және жылқы еттерімен қамтамасыз ету деңгейі, тиісінше 94,3, 90,1, 99,5 және 94,9 пайызды құрайды. Ал өңделген сүт (95,7%), тауық жұмыртқасы (97,6%), картоп (97,0%), қызанақпен (94,7%) қамтамасыз ету деңгейі жоғары деп айтуға болады. Осы қатарға, қияр (86,8%), орамжапырақ (86,4%), пияз (83,0%), қант (78,4%) және өсімдік майын (77,3%) өнімдерін жатқызуға болады.

Еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін әрі қарай нығайту, отандық өндірістің көлемін арттыру, сондай-ақ экспорттық әлеуетті асыру үшін Елбасының тапсырмасы бойынша «Агробизнес 2020» бағдарламасы әзірленді. Бағдарламада ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың жаңа тетіктері мен оларды қаржыландыру көздері айқындалған. Бағдарлама 2020 жылға дейін агроөнеркәсіптік кешенді қолдаудың көлемін 4,5 есеге арттыруды көздейді. Бағдарламаның іске асырылуы отандық өнімдердің бәсекеге қабілеттігін арттырып, ішкі нарықта импорттық тауарларды ығыстырумен қатар экспортқа шығаруға мүмкіндік бермек.

Бүгінде халық көп тұтынатын азық-түліктердің бағасы шарықтап тұр. Бұл мәселені қалай реттеп жатырсыздар?

Қазіргі таңда бағаны реттеу мақсатында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының, оның ішінде нан бағасының күрт өсуіне жол бермеу мақсатында Үкіметпен белгіленген баға бойынша бидайды алып, оны ұнға айналдырып, әрі қарай орнатылған бағамен нан кәсіпорындарын ұнмен қамтамасыз ету қарастырылған.

Бұл ретте өңірлер қажеттіліктерінің бір бөлігін «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» АҚ-ның мемлекеттік сату ресурстарынан тоннасына 28,3 мың теңгеден босату жолымен, екінші бөлігін — Корпорацияның коммерциялық ресурстарынан немесе еркін нарықта сатып алынған астық есебінен бекітілген баға (тоннасына 28,3 мың теңге) мен нарықтық бағаның (шамамен тоннасына 37 мың теңге) айырмасын бюджеттен өтеу арқылы қамтамасыз ету жоспарланған.

Бұған қоса, облыстар және Алматы, Астана қалаларының әкімшіліктері азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларының ресурстарын іске қосу арқылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлардың бағаларын негізсіз өсуіне жол бермеуге бағытталған шаралар бар екенін атап өту қажет.

Азық-түліктің бағасы шарықтауға, кедендік одақтың әсері бар ма?

Азық-түлік бағасының өсуіне көптеген факторлар әсер етеді, мәселен шикізат, газ, электр энергиясы, жанар-жағар май, сумен қамтамасыз ету және тағы басқалар. Аталған құрамдас бөліктердің бағасының өсуі Кедендік одақтың құрылуына байланысты емес және оның азық-түлік бағасының өсуіне әсері болмайды. 

Сырымбек Төлеуұлы,

Астана қаласы

http://ult.kz/

Оставить комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

Система Orphus