Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Вы тут:  Главная Пресса об АПК (KZ) ҚҰС ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ ЗОР

(KZ) ҚҰС ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ ЗОР

Құс шаруашылығы саласының қазіргі даму қарқыны көңіл көншітеді. Өткен жыл­дың қорытындысын жасағанда еліміздегі құс фермалары 3,2 миллиард жұмыртқа мен 138 мың тонна құс етін өндіргені мәлім бол­ды.
Осы көрсеткішпен-ақ отандық өндіру­ші­лер ел тұрғындарының жұмыртқаға де-ген сұранысын 95 пайызға қанағаттан­дырған. Қазіргі таңда жылына 250-300 мың тон­на құс етін тұтынады екенбіз. Бұл сұраныс әзірге 50 пайызға ақталып отыр. Дегенмен, саланың даму қарқынына қарағанда алдағы үш-төрт жылда құс етіне қызығушылардың талабы да толығымен орындалады деген үкі­лі үміт бар. Қазақстан құс өсірушілер одағы­ның дерегіне қарағанда, биыл 3,6 мил­лиард жұмыртқа мен 180,5 мың тонна­дан артық құс еті өндіріледі деген жоспар жасалған. Бұл меже бағындыруға болатын, нақты жоспар. Бұлай деуімізге себеп, сала­ның дамуына негіз болатын басты қажет­ті­лік – құс фабрикаларының жұмысы күн­нен-күнге жанданып келе жатқандығы.

Әйтсе де, салада ешқандай мәселе жоқ, бәрі ойдағыдай деуге болмайды. Құс ша­руа­шылығындағы ең үлкен мәселенің бірі – жем тапшылығы. Дәнді-дақылдар бо­йынша отандық құс фабрикаларының 2015-2016 жылдарға арналған жылдық қажеттілігіне келсек, бидай 573 мың, арпа 58 мың, жүгері 64 мың тонна шамасында. Бір жағынан алып қарғанда, біздің ел сияқты аграрлық мемлекетте жалпы жем тапшы деудің өзі қисынға келіңкіремейді. Анығы – құс фермаларын жем бағасының қымбаттығы қинап тұр. Қазір құс шаруашылығымен айналысушыларға жағымды жаңалық жет-ті. Ақпан айынан бастап Қазақстанда құс фабрикалары 215 мың тонна жемді арзан баға­мен сатып алады. Қазақстан құс өсіру­шілер одағының баспасөз қызметінің та­ратқан мәліметіне қарағанда,елімізде құс өсірумен айналысатын 60 фабрика «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» ак­ционерлік қоғамымен және облыс әкімдік­тері­мен келісімшартқа отырды. Осы құжаттың негізінде дән арзан бағамен бері­летін болады.Одақ басшысы Руслан Шә­ріповтің айтуынша, қазіргі уақытта құс өсі­ретін фабрикаларға қажетті жемнің 50 пайызын мемлекеттің реттелген бағамен беруін көздейтін заң жобасы Үкіметте қа­ралып жатыр.

Қазақстан құс өсірушілер одағы сала жұмысының жандануына біршама жұ­мыс­тар жасап жатыр. Одақ басшысы Руслан Шәріпов отандық өндірушілерді қолдау үшін, олардың шетелден келетін тауық еті­не бәсекелес болу үшін таяу мерзімде бір­қатар шараларды қолға алу керек екенін алға тартады. Олар – АҚШ-тан келетін тауықтың сан етін 50 мың тоннаға дейін азай­ту, оларға баж салығын енгізу, дем­пинг­тік бағалармен күресу, шет мемлекет­терден келетін тоңазытылған құс еті сапа­сына бақылауды күшейту, делдалдар арқылы өзге мемлекеттерден келетін импорт құс етіне шектеу қойып, тек өндіруші ком­панияның ресми дилерлерімен жұмыс жа­сау.

Қазіргі таңда құс шаруашылығы сала­сында да үнемі ізденіс қажет. Бір орында тұ­рып қалуға әсте болмайды. Себебі, на­рық­тық экономикадағы тегеурінді бәсеке­лестік өндірісті үнемі жаңғыртып, техни­калық және технологиялық жағынан жа­ңа­рып отыруды талап етеді. Өнімді арттыру үшін құс фермалары уақыт талабына сай технологияларды пайдалануға тиіс. Ол үшін қомақты қаражат керек. Оның үстіне өн­діріс құрал-жабдықтары мен оның қосалқы бөлшектері өз елімізде өндірілмейді. Құс шаруашылығына қажет жұқпалы ауруларға қарсы алдын ала сақтану үшін қолданы­ла­тын дәрі-дәрмек те, құстарға берілетін азық­тың қоректік сапасын жақсартатын биологиялық қоспа да сырттан әкелінеді.

Соңғы жылдары құс шаруашылығы са­ласын мемлекет тарапынан қолдау бар. Оны бұл салада жұмыс жасап жатқандар кәдімгідей сезінуде. Құс өсірушілер одағы бұл саладағы біраз мәселелердің шешілуіне мұрындық болып жүр. Салада жылдар бойы қордаланып қалған мәселелерді мемлекет­тік органдардың назарына салып, жұмыс-шы тобының кеңестеріне қатысуда.

Құс етіне сұраныс жыл өткен сайын ар-та түсуде. 2000 жылдары бар болғаны 53,2 тонна құс етін пайдалансақ, қазіргі сұра-ныс 250-300 мың тонна екенін айттық.

2000 жылдары кісі басына шаққанда жы­лына 3,6 келі құс етін тұтынатын болсақ, қа­зір бұл көрсеткіш 20 келіге жақын. Елдің әл-ауқатының жақсаруы олардың дастар-қан мәзірінен де байқалады. Қай кезде де тұтынушы қалтасына қарай сауда жасай­тыны белгілі. Бір қуанарлығы, елдің құс еті­не деген сұранысы артқан сайын, оны өндіру көлемі де ұлғайып келе жатқан­-дығы. 2000 жылдары елімізде бар болғаны 16,7 мың тонна құс етін өндіріп, негізінен, импортқа тәуелді болсақ, жыл өткен сайын отандық өндірушілердің адымы ашылып, тек өткен жылдың өзінде 138 мың тонна құс етін өндіргенін әңгімеміздің басында тілге тиек еттік. Демек, елде құс шаруашылығы саласының болашағы зор екенін осы де­рек­терден-ақ аңғаруға болады. Болашағы бар, қолдан келетін осындай кәсіпті жер­гілікті тұрғындардың игергені қажет-ақ.

http://www.aikyn.kz/

Оставить комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

Система Orphus